Бағбан теміржолшылар жайлы не білеміз?

Қауіпсіздік
15.06.2023, 11:07
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясы» филиалының атқаратын миссиясы ерекше. Темір жол бойын қыста қар, жазда құм басудан қорғап, жол жағасына тал-дарақ өсіретін, оны күтіп баптаумен жолшылар секілді уақытының көбін далада өткізетін осы бір бағбан теміржолшылар  еңбегін қалай дәріптестек те жарасады.  

Екпе ағаштар дистанциясы аты айтып тұрғандай, теміржол бойын түрлі табиғат құбылыстарынан қорғайтын ағаштар өсіріп, пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады. Сонымен қатар, жыл сайын Атырау жол дистанциясы басшылығымен бірлесе отырып, темір жол бойындағы құм басатын жерлерді анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сосын анықталған жерлерді шақырымдарға бөліп,   құмға қарсы қондырылатын механикалық қамыс құрылғыларын орнатады.  

Ақтөбе қорғаныс екпе ағаштар дистанциясына қарасты Исатай өндірістік телімін 40 жылдан астам уақыт басқарып келе жатқан Бергенәлі Жақашев құм басу қаупі бар аумақтарды анықтап, алдын алу жұмыстарын сәтті ұйымдастырып келеді. Биыл да күн жылына маусымдық жұмыстар басталып, бригадалық топ анықтау жұмыстарын жүргізгеннен кейін құмды бөгеу, қамыс өру жұмыстарына кіріскен.   Дистанция қызметкерлері қазір Атырау жол дистанциясы мекемесіне қарасты темір жол бойына құмға қарсы қондырылатын механикалық қамыс құрылғыларын орнатумен айналысуда.    

«Үнемі аңызақ далада жүреміз. Қар мен құм басу секілді табиғи құбылыстарды бөгеп, екпелер отырғызамыз. Ең бастысы – пойыздардың қауіпсіздігін сақтау. Ол үшін өзімізге тиесілі өндірістік аймақтарда жүк және жолаушы пойыздарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету – барлық теміржол қызметкерелерімен бірдей біздің де міндетіміз», – деді Бергенәлі Қадырұлы.  

Б. Жақашев өз мамандығын жете меңгерген, әріптестер арасында ерекше беделге ие жан. Іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тәжірибелі тәлімгердің шәкірттерінің өзі бір төбе. «Теміржол бағбандары» атанған ұжым жуырда алпыс жасқа толған әріптестері һәм ұстаздары Бергенәлі Жақашевті мерейтойымен құттықтап, мықты денсаулық, шаңырағына шаттық тіледі.

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты