Жүк тасымалы: Бес айда қозғалыс қауіпсіздігі 24 рет бұзылған

Қауіпсіздік
27.06.2023, 09:15
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қозғалыс қауіпсіздігіне арналған семинар өткізді. Жиынға серіктестіктің барлық өңірлердегі қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлері қатысты. Семинар барысында серіктестік бойынша қауіпсіздікті сақтаудағы жұмыстар баяндалып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Семинарды ашып жүргізген «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Марлен Көкірекбаев серіктестіктің басты міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін ұдайы жоспарлау, жақсарту, мониторингілеу және жүзеге асыру екенін атап өтті.  

– Пойыздағы қозғалыс қауіпсіздігі кешенді техникалық-ұйымдастырушылық іс-шараларын жүзеге асыруды қажет етеді. Оған тек жолаушылар мен жүк қауіпсіздігін ғана емес, сонымен қатар экология қауіпсіздігін қамтамасыз ету де жатады. Осы тұрғыда біздің Серіктестік тасымал процесіне жұмылдырылған персоналдың біліктілігі мен құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуына мүдделі. Сонымен қатар қауіпсіздіктің корпоративтік мәдениетін қалыптастырып дамытуға барлық жағдай жасайды. Қауіпсіздік жағдайын жақсартуға әсер ететін негізгі бағыттарға – ұйымдастырушылық іс-шараларды енгізу, нормативтік-техникалық құжаттарды талаптарға сәйкестендіру, өндірістік персоналды сапалы түрде оқыту, тексеру іс-шараларының қорытындысы бойынша түзету шараларын жүргізу жатады, – деді Марлен Көкірекбаев.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 5 айында серіктестікте қозғалыс қауіпсіздігінде 24 бұзушылыққа жол берілген. Бұл кемшіліктер негізінен Жамбыл, Семей, Қарағанды, Қостанай, Шымкент, Көкшетау, Павлодар теміржолында анықталған. Филиалдардағы бұл олқылықтардың жол берілуіне бірнеше жағдай себеп болған. Атап айтқанда, персоналдың техникалық білімінің төмендігі, мұқиятсыздық, асығыстық, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу, технологиялық процесті жылдамдатуға асығу бірінші себеп болған. Ал филиалдар басшылары тарапынан жіберілген қателіктер – техникалық оқуды талапқа сай жүргізбеу, технологиялық процесті сақтауды дұрыс бақыламау, профилактикалық жұмыстарды сапасыз өткізу, нормативтерді дұрыс орындамау болып отыр. Олардың бәрін жою бойынша қауіпсіздікті нығайту жұмыстарының жоспары түзілген. Сол жоспарға сай атқарылатын іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Әрбір жіберілген қателік бойынша ең қатал тәртіптік жауапкершілікке тарта отырып оперативтік талдаулар жүргізіледі. Әр кемшіліктен сабақ алып, қорытынды шығару керектігі айтылды. Адами фактор себебінен болатын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған Түзету іс-шараларының жоспары жасалып, енгізілді. Техникалық оқыту шеберлерінің рөлі мен жауапкершілігін арттыру, теміржолдағы тармақ иелерімен бірге кіреберіс жолдарды белгіленген талаптарға сәйкестендіру, локомотивтерде бейнекамералар қою, жолда локомотивтер бұзылған жағдайда локомотив бригадаларын техникалық қолдау бойынша Call орталық құру, пойыз құрастырушылар үшін үздіксіз аудио және бейне жазба жасауға бейнерегистраторлар алу, техникалық кабинеттерді қажетті техникамен және оқыту бағдарламаларымен тағы қосымша қамтамасыз ету және тағы да басқа шаралар қабылдау көзделуде.  

– Соңғы кездері жүктердің артуына, қозғалыстың көбеюіне байланысты атқаратын жұмыстардың мақсаттарын анықтау, болып жатқан келеңсіздіктердің алдын алуда қандай жұмыстар жүргізу керектігін бүгінгі семинарда талқыладық. Жиында айтылған мәселелердің шешімі бойынша қабылданған шараларды, мақсат-міндеттерді өңірлердегі қызметкерлерге жеткізетін боламыз, – деді Маңғыстау жол бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің басшысы Аманқос Құсайынов.  

Серіктестікке қарасты қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Ерлан Бүркітов жіберілген әрбір бұзушылыққа талдау жүргізуді ұсынды. Семинар соңында қатысушылар ҚТЖ ғимаратын аралап, Орталық музейге экскурсия жасады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті