Биыл Ақтөбе аумағында шұғыл тежеу 15 рет қолданылған

Қауіпсіздік
11.07.2023, 10:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жол бойына жақын орналасқан елдімекен тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ескерту – теміржолшылар мен желілік полиция қызметкерлерінің міндетіне айналғалы қашан.

Жаз басталғалы түсінік жұмыстары күшейе түсті, себебі каникулға шыққан мектеп оқушылары көбейген. Күні кеше Ақтөбе станциясында кезекті рейд өткізген теміржолшылар мен тәртіп сақшылары аптап ыстықта жол жағалап, теміржол бойында қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін ескерту жұмыстарын жүргізді. Рейд кезінде жолды кесіп өтуге оқталған жалаушылар тоқтатылып, ауызша ескерту жасалды. Екінші жолы оларға айыппұл салынатыны да ескертілді.  

Ақтөбе станциясының басшысы Нұрлан Ермағамбетовтің берген мәліметінше, жыл басынан бері Ақтөбе станциясында 34 рейдтік шара өтіп, темір жол бойының қауіптілігін ескерткен 625 буклет таратылған. Темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 556 әкімшілік-құқық бұзушылық анықталған.  

Сонымен қатар, рейдтік шара барысында 25 жасөспірімнің ата-анасы шақыртылып, беймезгіл уақытта жалғыз-жарым жүргені үшін түсінік талап етілді.  

«Жыл басынан бері Ақтөбе аумағында жылжымалы құрамды 15 рет шұғыл тоқтату жағдайы тіркелді. Оның алтауында жол бойына мал шықса, қалғаны адамның қатысуымен болған», – деді Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімі бастығы Айтұрған Елеусізов.

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты