Теміржол бойында күкірт қышқылы төгілгенде зиянды қалдықты жою қалай іске асады?

Қауіпсіздік
14.07.2023, 09:33

Экология бүгінде өндірістегі ең өзекті мәселеге айналды. Әсіресе темір жолда төгілген зиянды қалдықтарды жою немесе бүлінген жерді қалпына келтіру – даулы мәселенің бірі. Дегенмен, зиянды қалдықтарды жоюдың да өз тәртібі бар.

Теміржол көлігінде апаттар орын алғанда, мысалы күкірт қышқылы төгілген кезде ҚР Экологиялық Кодексінің 211-бабының 2-тармағына сәйкес объектіні пайдаланушы төтенше жағдай анықталған кезден бастап екі сағаттан кешіктірмей қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабарлауға тиісті. Сонымен қатар ауаның ластануын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, стационарлық көздерді немесе тұтас объектінің жұмысын толық немесе жартылай тоқтатуға дейін шара қолдануға құқылы. Ал енді төтенше жағдайдың қоршаған ортаға тигізетін теріс салдарын жою – бөлек әңгіме.  

– Бізде жалпы жыл сайын төгілген күкірт қышқылын жою бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, мекеме басшылығымен бекітіледі, іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін жұмыс топтарын құру және жауапты тұлғаларды тағайындау туралы филиал басшылығының бұйрығы шығарылады. Төтенше жағдай орын алған жерде тәуліктік жұмыс атқару үшін жақын станцияда жұмысшылар жататын модуль орнатылады. Бекітілген іс-шара жоспары бойынша орындалған жұмыстар жайында Магистральдық желі дирекциясының Өндірістік қауіпсіздік және экология бөліміне күнделікті ақпарат беріліп отырады. Оқиға болған жерде күкірт қышқылының қалдықтарын жою бойынша жұмыстар жүргізіледі. Негізгі жұмыс мамандандырылған арнайы мекемемен келісімшарт бойынша орындалады. Олар ластанған аумақтың бетін қайта белсендендіру және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізеді. Ал қауіпті қалдықты арнайы техникамен полигонға тасымалдау маршруты мемлекеттік автоинспекциясымен келісіп бекітіледі, – деп түсіндірді Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің жетекші инженері Сүйімбек Сафаров.  

Айтуынша, теміржол бойындағы күкірт қышқылының қауіпті қалдықтары толығымен шығарылған жердің және жақын орналасқан елдімекеннің топырағын салыстырмалы түрде өлшеп, жоспардан тыс тексеру Экология департаментінің арнайы зертханасында жүргізіледі. Зертханалық тексеру қорытындысы оң нәтиже бергеннен кейін тазартылған жерді өңдеу жұмыстары жасалады. Ластанған учаскені рекультивациялау үшін құнарлы топырақ іздестіріліп, оған жергілікті әкімшіліктің рұқсаты алынады. Жол бойына құнарлы топырақты жеткізу шығынын азайту үшін Шымкент магистральдық желі бөлімшесі Қалпына келтіру пойызы мен Жол дистанцияларының техникаларын пайдаланады екен.  

Жол бойының тазалығын анықтау үшін жыл бойы әр тоқсан сайын мамандандырылған зертханаға тапсырыс беріп, келісімшарт бойынша күкірт қышқылы төгілген жердің топырақ, ауа, су құрамын өлшеу жұмысын жүргізіп отырудың өзіміз үшін де, қоршаған орта үшін де пайдасы болмаса, зияны жоқ, – дейді маман.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл