Тасымалданатын жүктердің сақталымы: Кешенді жоспар

Қауіпсіздік
07.09.2023, 09:59
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ұлттық компаниясы тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз етіп, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдап алушылардың сенімінен шығуға  мүдделі. Осыған орай Компания мен оның еншілес ұйымдарымен және тиісті құзырлы органдармен бірлесе атқаратын іс-шараларды қамтитын Кешенді жоспар бар.

2023-2024 жылдары теміржол көлігі нысандарында тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз етуге бағытталған Кешенді жоспарда қарастырылып отырған іс-шараның бірі – станциялар, разъездер, жол аралықтарына іргелес аумақтарда қалың бұталарды, қураған ағаштарды, қамыс және тағы басқа да шөп-шаламдарды жою шараларын уақытылы жүргізу, сондай-ақ белгіленбеген жерлерде автомобиль көлігінің  темір жолға шығуына жол бермейтін кедергілер орнату.  

Осы ретте темір жол учаскелеріндегі қорғаныш екпе ағаштарына ағымдық күтім жасау, өрт қаупі жиі болатын кезеңде инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өртке қарсы іс-шараларды жол дистанцияларымен бірге «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Екпе ағаштарды қорғау дистанциясының үш филиалы жүзеге асырады. Әрбір дистанцияның қызмет шекарасы магистральдық желі дирекцияларының шеңберінде белгіленген. Екпе ағаштарды қорғау дистанциясының үш филиалы қызмет көрсететін темір жолдардың жалпы ұзындығы 11 600 шақырымнан асады.

Магистральдық желі дирекциясы алға тартқан мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Мемлекеттік орман қорының темір жол учаскесіндегі қорғаныш екпелері 63 207 га құрайды.

«Тасымалданатын жүктердің сақталымын қамтамасыз ету Екпе ағаштарды қорғау дистанцияларының жұмысына да тікелей байланысты. Биыл қорғаныш екпе ағаштарды күтіп-баптау, өртке қарсы жол аралықтарын  жырту, қоқыстан тазарту  және құммен күресу бойынша жұмыс жоспарға сәйкес жүргізілуде. Мәселен, өткен жеті ай ішінде, 400 гектардан астам жер төсемі қоқыс, шөп-шаламнан тазартылып, қураған ағашты кесу 270 гектардан астам аумақта жүзеге асырылды. Сонымен қатар екпе ағаштарды және темір жолға іргелес жатқан жер төсемдерін өртке қарсы жұқартып, жырту жұмыстары жоспарға сай орындалды, – дейді дирекция мамандары.  

Кешенді жоспарда қамтылған келесі бір пункт, автокөліктердің теміржол рельстеріне рұқсатсыз өтуіне жол бермеу үшін жол сызығында қоршаулар салуды жалғастыруға бағытталған. Магистральдық желі дирекциясы бойынша адамдардың жолға шығуының алдын алу үшін  қоршаулар орнату - Компанияның қаржылық мүмкіндігіне қарай жоспарлы түрде кезең-кезеңмен жүзеге асырылуда.  

Мамандар сөзіне сүйенсек, қоршау салу жоспары қозғалыс қауіпсіздігін бұзу фактілерін, жылжымалы құрамның бөгде адамдарды соғып кету жағдайларын, темір жолдардың елді мекендерге жақындығын, тұрғын үйлердің, станцияның екі жағында оқу орындарының орналасуын, темір жол арқылы өтетін адамдардың қарқындылығын ескере отырып жасалады екен. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 208 999 шақырымды құрайтын 26 станция мен 2 жол аралығы қоршалған.  

2023 жылға арналған Сатып алу жоспарына жалпы ұзындығы 103,857 шақырымды құрайтын «Станция жолдарына және адамдар шығатын жердегі станцияларға жақындау учаскелерге қоршаулар салу» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы түзету жобасы енгізілген.  

Сонымен қатар Дирекцияда жолға мал шығудың алдын алу  мақсатында  жыл сайын сымнан тартылған қоршауларды орнату және жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінде еліміздегі 21120,3 км темір жолдың 9581 шақырымнан астамына малға тосқауыл болатын  қоршаулар салынған. Ал 7 мыңнан астам шақырым екпе ағаштары, қар ұстайтын қоршаулар, жол бойындағы елді мекен, тағы басқалар есебінен қоршау орнатуды қажет етпей отыр. Десек те, 2021 жылдан бері малға қарсы қоршаулар құрылысы 1000 шақырымға дейін артқанын айтар едік.  Мәселен, биылдың өзінде жол дистанцияларының өз күшімен 1000 км көлемінде сымнан қоршау салу және 446 км қоршауды жөндеп қалпына келтіру іс-шарасы қарастырылған. Қазір бұл жұмыстар жоспарлы түрде орындалып жатыр.    

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл