Бейнеу станциясында биыл шұғыл тежеу 18 рет қолданылған

Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жолға шыққан төрт түлікті торуылдау – мал бағатын ауылдар мен шаруа қожалықтарына жақын теміржол учаскелеріндегі теміржолшылардың қосымша жұмысына айналғандай.

Малдың әлегімен артық әуреге түскен Бейнеу жол дистанциясының жұмысшылары желілік полиция өкілдерімен бірге тұрғындармен жақында тағы да кездесті. Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері мен Бейнеу станциясындағы жерілікті полиция бөлімі инспекторлары Бейнеу-Үстірт станциялары аралығындағы темір жолға жақын орналасқан шаруа қожалықтарын аралады.  

Теміржолда қараусыз жүретін малдың салдарынан шұғыл тежеу қолдану, мал басудың алдын алу және олардың теміржол аумағында қадағалаусыз қалуына жол бермеу мақсатында түсінік жұмыстарын жүргізді.  

– Мал иелерінің өз меншігіндегі төрт түлікке бей-жай қарауы проблема туындатып отыр. Беймезгіл уақытта көше кезіп, иесіз жүрген жануарлар темір жолға шығып, пойыздардың жүруіне кедергі келтіруде. Жыл басынан бері 18 рет шұғыл тежеу болды, барлығында мал басылды. Сондықтан әрбір тұрғынды темір жолдағы қауіптің алдын алуға шақырамыз. Темір жол бойында қараусыз жүргені үшін мал иелері тиісті жергілікті өкілді органдар бекіткен ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша ҚР заңнамасында қарастырылған әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз, – дейді Бейнеу станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Насыр Дербісәлиев.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты