Болашақ теміржолында күзгі байқау басталды

Қауіпсіздік
19.09.2023, 09:51
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Әне-міне дегенше қыстың аязды күндері де жақындап қалды. Сондықтан күздің алғашқы айы кірісімен қыс қамына қарекетті пысықтайтын тексерістер мен жұмыстар қыза түскен. Маңғыстау теміржолындағы күзгі комиссиялық байқау әдеттегідей Болашақ теміржолынан басталды.

Болашақ-Өзен бағытындағы теміржол нысандарын аралауға Маңғыстау станциясынан 11 қыркүйек күні кешке қарай комиссия мүшелері мінген пойыз жолға шықты. Күзгі байқауды жүргізетін комиссия құрамына елу шақты адам бекітілген. Комиссияға Маңғыстау қосалқы бөлімі бастығы Нәжімеден Ғұбашов төрағалық етуде. Тексерушілер құрамында қосалқы бөлім мен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің басшылығы, бөлім, сектор меңгерушілері, ревизорлар, кәсіподақ ұйымы өкілдері бар.  

Аталған комиссия белгіленген жоспар бойынша 12 қыркүйек таңертең Болашақ станциясында орналасқан теміржол нысандарындағы күзгі тексеріс жұмысына кірісті. Жұмыс орындарының жай-күйі, жолдар мен ғимараттар жағдайы, жұмысшылардың еңбек етуіне қолайлы мүмкіндіктер, олардың қажетті құрал-саймандармен қамтылуы сияқты мәселелер егжей-тегжейлі тексерілді.  

– Қосалқы бөлім бастығы төрағалық еткен комиссия станциямыздағы бірнеше мекемені аралап, әр маман өз бағыты бойынша тексерістер жүргізді. Жылдағыдай қажетті мәселелер қаралып, қысқа дайындықтарымыз пысықталды. Біздегі бір мәселе, бірнеше мекеме орналасқан «АБК» ғимаратының төбесінен су өтетін еді. Биыл сол жөнделіп жатыр. Жөндеу жұмыстарымен «Теміржолсу» мекемесі айналысуда. Жұмыстарын қыс басталғанға дейін, бір айдың көлемінде бітіреміз деп отыр. Сондай-ақ техникалық қызмет көрсету пункті, вокзал, әскерилендірілген теміржол күзеті, жол, электрмен жабдықтау дистанциялары сияқты мекемелердің ғимараттарына жылу беретін №58 қазандықтың толық жүйесі жаңартылуда. Құбырлары түгелдей ауыстырылып жатыр. Болашақ ашылғалы қызмет көрсетіп тұрған құбырлар ескіріп, қыста әр жерінен жарылып, қиындық туғызатын. Сол проблемадан енді құтылатын боламыз. Жылу беру мерзіміне дейін жүйе жаңарып, толықтай іске қосылады деп күтілуде, – дейді Болашақ станциясының бастығы Мақсат Нұрбеков.  

Болашақтан кейін комиссия мүшелері бағытты Өзен станциясына қарай өзгертті. Демалыс күніне дейін Бестөрткүл, Құрмаш, Тайғыр, Бопай, Ақбөбек, Бастау, Жетібай, Қарақия, Боржақты, «Р», Ерсай, Құрық порты станциялары мен бекеттерінде болып, белгіленген мақсатқа сай жұмыстарын жалғастырды.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда