Тренинг: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау

Қауіпсіздік
03.10.2023, 17:54
Суретті түсірген автор
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұйымдастыруымен бүгін Батыс аймағында семинар-тренинг өтіп жатыр.  

«Өндірістік қауіпсіздік - ұжымдық мәдениеттің бір бөлшегі» тақырыбындағы семинарға қауіпсіздікке жауапты қызметкерлер шақырылған.  

«Қазпрофтранс» АҚ бас инспекторы Қайрат Мұқанов, “ҚТЖ” ҰК” АҚ департамент директоры Сұңғат Назыров, “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның бас инженері Қайрат Қанапин бастаған басшылық ұжым білім жетілдіру семинарында. Сонымен қатар шарада бас инженерлер мен участок басшвлары қатысып отыр.  

Семинар-тренингте сапалы қызмет жобасын жетілдіру, өндірістегі қауіпсіздікті арттыру, ұжымдық мәдениетті қалыптастыру тақырыптары талқыланып жатыр.  

«Шара бір күндік болса да үлкен маңызға ие. Бұрынғы қателіктермен жұмыс істеп, пікір алмастық. Тәжірибе алмасу да маңызды. Мұндай жиын көптен болмады. Таныстың жұмысты әрі қарай жандандыруға, жаңа дүниелерді енгізуге септігін тигізеді. Алдағы уақытта өз жемісін береді деп ойлаймыз. Жұмыс негізінен өндірістегі жарақатты болдырмау, еңбек қауіпсіздігі жайында өрбиді»,- деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ-ның бас инженері Қайрат Қанапин.  

Іс-шара жоспарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің қызметкерлерін, қауіпсіздік мәдениеті бойынша жоғары және орта буын басшыларын оқыту көзделген.

«Шара дәстүрлі түрде өтеді. Тәжірибе алмасып, диалог түрінде сұрақ-жауап ұйымдастырылған. Қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру біздің компания үшін маңызды. Қызметкерлердің қауіпсіз мінез-құлқын және оның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуын ынталандырады»,- деді “Жолаушылар тасымалы” АҚ Батыс аймақтық филиалының бас инженері Қайрат Әбдіров.  

Тренер мен қатысушылар арасында жиі диалогтық байланыс болып, ойындар ұйымдастырылды.

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес