Ақтөбе станциясы аумағында 47 адам жауапқа тартылды

Қауіпсіздік
31.10.2023, 09:51
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе станциясы аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Оған желілік полиция қызметкерлерінен бөлек теміржолшылар да қатысты.

Халыққа стратегиялық аумақтың күндіз-түні жіті бақылауда екенін түсіндірген теміржол сақшылары қоғамдық тәртіптің сақталуын ескертті, ал Жіңішке және Ақтөбе станциясының қызметкерлері жүргіншілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

 

Қоғамдық орындарда тиісті тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында өткен шарада 47 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, осынша адам әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 8 адам қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабымен екі рет әкімшілік жауапқа тартылған Жамбыл облысының тұрғыны 6 күнге қамауға алынды.  

«Профилактикалық апталық кезінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу, көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен – 2, ҚР ӘҚБтК 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құжат әкімшілік сотқа жолданды», – деді Ақтөбе ЖПб-нің баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар жеке қоғамдық орындарда темекі шегу, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде ата-ана қарауынсыз жүруі бойынша ата-аналар жауапқа тартылды. 1 жасөспірім Ақтөбедегі «Аяла» балалар орталығына орналастырылды.

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады