Қауіпсіздік ревизорлары біліктілігін шыңдады

Қауіпсіздік
06.11.2023, 16:19
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен жұма күні «Қауіпсіздік сақшылары» корпоративтік бағдарламасының  қатысушылары үш күндік оқыту академиясын сәтті аяқтап, біліктілігін арттырғаны туралы сертификаттар алды. Бұл іс-шара «ҚТЖ» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларына бірінші рет ұйымдастырылып отыр.  

Екі ағыннан тұратын оқыту бағдарламасының бірінші бөлігіне ел өңірлерінен  локомотив, вагон, қозғалыс шаруашылығының 40 ревизоры қатысты. Сондай-ақ, екі ревизор көрші Қырғыз темір жолынан біліктілігін көтеруге арнайы келді.  Біз орайы келгенде, академияға қатысушыларды сөзге тартып, бағдарлама туралы ой-пікірлерін білген едік.  

Қуандық Әбілғазин, Ақтөбе өңірінің ревизоры:

– Бірінші кезекте, оқыту академиясының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ ішкі жаттықтырушыларының дәрісінен бөлек, Алматыдағы көлік және коммуникация академиясының, сондай-ақ, ресейлік оқу орнының  тәжірибелі оқытушыларының лекциясын тыңдау мүмкіндігіне ие болдық. Маңызды мағлұматтар алып жатырмыз, әсіресе, күнделікті жұмыс барысында қауіптің алдын алуға бағытталған жақсы дүниелер айтылып, тәжірибелермен бөлісіп жатыр. Тағы бір атап өтерлігі, біздің қызметіміз тікелей теміржол саласы еңбеккерлерімен байланысты, яғни бетпе-бет сөйлесіп, кездесіп жатамыз. Міне, осы жағдайларда кәсіби маман ретінде өзіңді ұстау, тыңдата білу, сөйлесу және іс-әрекетте этиканы сақтау, жанжалды басқару, кедергілерді жою сынды шеберлік сабақтарын алдық. Бұл да маңызды нәрсе. Мәселен,  кейде өңірлік чатта ревизорлар бірдеңе білмей тұрса, сұрауға қымсынып жатады, үлкендер жағы жастар алдында өздерін «төмендетпейін» деп, ал жастар керісінше, тәжірибелі ағаларының алдында «сөз естіп қалмайын немесе білімсіз болып көрінбей»  дегендей. Ал шын мәнінде, мұндай кедергілер болмау керек. Шыны керек, қазір сандық жүйе дендеп еніп, заманауи технологиялар кірігіп жатқан заманда, тәжірибелі ревизорлардың бұл жаңашылдықтан тәжірибесі аз, ал жастардың білімі озық болуы мүмкін ғой. Білмеген айып емес, сұрамаған айып. Сондықтан ревизорлар бірінің білмегенін екіншісі толықтырып, ой-пікір бөлісіп, тәжірибе алмасып жатса, қауіп-қатердің алдын алу мүмкін болмақ. Адамдармен қарым-қатынаста да ашық және жабық сұрақтар қою жағын талқыладық. Жабық сұрақ «иә» және «жоқ» деген екі жауаппен шектеледі. Ал ашық сұрақ екі жауаппен шектеліп қалмай, оның түп-тамырына дейін қазбалап, себеп-салдарын білуге тырысады. Мысалы, сен дәрігерге бардың ба деген сұрақ болса, иә немесе жоқ жеген жауап болуы мүмкін.  Бұл жабық сұрақ. Ал ашық сұрақта қандай дәрігерге бардың, не себептен, нәтижесінде не болды деген сияқты талдаулар жасалады. Міне, мұның бәрі келешекте қателіктерге жол бермеуге, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылықтардың алдын алуға негіз болмақ.  

Біздің сұхбат алған екінші кейіпкеріміз Қырғыз темір жолының бас ревизорының орынбасары Алыгулов Токтогулбек болды.  

– Астана қаласында қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларына арналған оқыту бағдарламасында біліктілігімізді көтеру бақытына ие болдық. Өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылған. Осындай мүмкіндікті ұсынған «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшылығына көп алғыс айтамын. Өте тәжірибелі оқытушы-тренерлердің, Компанияның білікті мамандарының дәрістерін тыңдау, шеберлік сабақтарын алу бақытына ие болдық. Ресейден де мықты мамандар келіп, тәжірибе бөлісіп жатыр. Мен өзімді өз ісінің білгірімін деп есептейтімін. Үш күндік оқыту бағдарламасы барысында өз ісімнің шебері болу үшін әлі де білім-біліктілігімді жетілдіру түсу керектігін түсіндім.  Жұмыс барысында мән бере бермейтін көп мәселе бар екен. Қазақстандық әріптестерімнен де алатын дүние көп екен. ҚТЖ-да цифрландыру мықтап енгізіліп жатыр, бізден оқ бойы озық. Қозғалыс қауіпсіздігі ревизорларының жұмысы ҚТЖ басшылығы тарапынан жоғары деңгейде бақыланады екен, мұны қойып, сізге мынаны айтайын, ревизорлар сайты  қоғамға да ашық, кез келген жұмысшы немесе азамат, ол теміржолшы болмауы да мүмкін, қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін кемшілік немесе қауіп-қатерді байқап қалса, тікелей сайтқа жазба қалдыра алады. Бұл керемет әдістемені елге барған соң қырғыз темір жолына енгізуді қолға алмақпын. Сондай-ақ, осы оқыту бағдарламасында алған ілім-білімімді өзімнің әріптестеріммен бөліспек ойым бар. Менімен бірге локомотив шаруашылығының ревизоры келді. Ол да үш күндік академия барысында біраз мағлұмат алды. Және тағы бір айтарым, бұл жерде біз қазақстандық әріптестерімізбен жүзбе жүз көрісіп, танысып, тәжірибе алмасып, жақсы байланыс орнаттық.  

Гребчев Добрин Ресей темір  жолдарының корпоративтік университетінің Технологияларды оқыту және бизнесті трансформациялау орталығының оқытушысы:  

– Біз қазақстандық теміржолшылармен Тәуекелдерді басқару тақырыбын талқыладық. Бұл қауіпсіздік менеджменті жүйесі элементтерінің бірі. Осы ретте, біз тәуекел деген не, оны басқару не үшін қажет деген сұрақтан бастап біраз мәселелер тізімін талқыладық.  

– Ресей темір жолының қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы қандай жетістіктерін атар едіңіз? Осы сала қатысты екі ел темір жолдарының арасында айырмашылық не ұқсастықтар бар ма?

– Біз екі ел темір жолының қозғалыс қауіпсіздігі саласына қатысты қандай бір айырмашылықтардың бар-жоғын айта алмаймыз. Бұл бағытта анализ жасамадық. Ресей темір жолдарына келсек, ол даму үстінде, бұл қауіпсіздік саласына да қатысты,  яғни уақыт талабына сай сандық жүйелер, жаңа технологияларды енгізіп, бір орында тұрмай, ілгерілеуде. Жалпы қозғалыс қауіпсіздігін сақтауға қатысты негізгі мәселелер екі ел темір жолына да ортақ.  Бүгін біздің университетттің жетекшісі атап өткендей, екі ел темір жолын «ағайынды» десек те болады. Бұл сөздің растығына, бүгінгі дәріс барысында өзім де көз жеткіздім.  

– Бағдарламаға қатысушылардың белсенділігі туралы не айтар едіңіз?  

– Қатысушылар кәсіби маман болумен қатар өте ашық, коммуникативті. Ресейлік әріптестері сияқты  дұрыс талдау жасап, негізгі мәселелерге тереңнен үңіле біледі. Процестегі өз рөлдерін жақсы біледі.  

– Бір сөзбен айтсақ, ревизор деген кім сіздің ойыңызша?  

– Эксперт-көмекші. Көп жағдайда, теміржолшылар ревизорды тергеуші-тексеруші ретінде қабылдап, оның келуін үреймен қабылдап жатады. Бұл стеоротиптік қабылдау. Одан құтылу керек. Ревизорды көмекші дос ретінде қабылдау керек. Және ревизор да осы қағиданы ұстанғаны дұрыс. «Әріптестер мен сендерге мейлінше қауіпсіз болуға, яғни сіздің кәсіпорынның «қауіпті аймақта» мейлінше болмауына жәрдем беремін» дейтін болуы керек. Сол кезде сенім, дұрыс диалог, тәртіп орнары анық.  

Әлемде
12.05.2026
Лондон мен Швейцария арасында тікелей пойыз қатынайтын болады
Аймақтар
12.05.2026
Маңғыстау теміржолының аңызы – Жолдас Жетібай туралы бір үзік сыр
Жаңалықтар
12.05.2026
Теміржолшылар бейнесі ҚТЖ-ның LED-экранында
Аймақтар
12.05.2026
Шиелі станциясының жұмысы жаңа деңгейге шықты
Жолаушылар тасымалы
12.05.2026
Қарағанды – Балқаш бағытында қосымша пойыздар шығады
Әлемде
12.05.2026
Stadler компаниясы Дублин - Белфаст бағыты үшін гибридті пойыздар шығарады
Инфрақұрылым
11.05.2026
Түркістан облысында ірі көлік инфрақұрылымы жобаларының жүзеге асырылу барысы тексерілді
Жаңалықтар
09.05.2026
Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың Отан қорғаушы күні және Жеңіс күні мерекелеріне орай құттықтауы
Жаңалықтар
09.05.2026
Көлік министрлігінде вокзалдарды жаңғырту бойынша өңірлер мен ҚТЖ есебі тыңдалды
Жолаушылар тасымалы
09.05.2026
Елордада Жеңіс күніне арналған пойыздар жолға шықты
Жүк тасымалы
08.05.2026
Алғаш рет Орта дәліз бойынша кері жүктеу ұйымдастырылды: Контейнерлік пойыз Түркиядан Қазақстан арқылы Қытайға жөнелтілді.
Аймақтар
08.05.2026
Өскемендік теміржолшылар 101 жастағы ардагер Александра Саратовцеваны құттықтады
Аймақтар
08.05.2026
Майдангер Иван Макеевке құрмет көрсетілді
Аймақтар
08.05.2026
Маңғыстауда тыл ардагері Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта ашылды
Жаңалықтар
08.05.2026
Талғат Алдыбергенов 100 жастағы ардагер-теміржолшыны Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады
Жаңалықтар
08.05.2026
Теміржол вокзалындағы тәртіп сақшысы
Әлемде
08.05.2026
Ташкент вагон жасау зауыты биыл Ресейге 42 жолаушы вагонын жеткізуді жоспарлап отыр
Әлемде
08.05.2026
Қытайдан Ауғанстанға жаңа контейнерлік бағыт іске қосылды
Жаңалықтар
07.05.2026
Талғат Алдыбергенов Ерейментау вокзалы құрылысының барысын тексерді
Жаңалықтар
06.05.2026
Ұрпақтар байланысы: ҚТЖ ардагерлері немерелерімен Отан қорғаушыларды еске алды