Темір жол төсемін кесіп өткен 1000-нан астам азамат жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
16.01.2024, 10:28
Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Осы жылдың 8-12 қаңтары аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету аумағында «Көліктегі қауіпсіздік» атты кең ауқымды акция өтуде, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Айтулы акцияның мақсаты – көлік объектілерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу.

Қаңтар айының бірінші онкүндігінде жылжымалы құрамның астына 4 азамат түскен, оның ішінде 2 дерек өліммен аяқталды. Темір жол төсемін белгіленбеген жерден кесіп өткендері үшін 1024 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, 9 қаңтарда Ақмола облысының «Қара-Адыр» станциясында жүк пойызының машинисі теміржолда бөгде адамның болуына байланысты шұғыл тежеу қолданды.

Тексеру барысында көлік полицейлері белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткен Ақмола облысының 69 жастағы тұрғынын анықтады.

Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК 559-бабының 5-бөлігі, яғни белгiленбеген жерлерде темiржол арқылы өту бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл баптың санкциясы ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш (11 076 теңге) мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Теміржол көлігі объектілеріндегі қауіпсіздік ережелеріне сәйкес белгіленбеген жерлерден темір жолды кесіп өтуге тыйым салынатынын еске саламыз.

Темір жолдан өту үшін арнайы жабдықталған жаяу жүргіншілер өткелдерін (туннельдер, көпірлер) пайдалану қажет.

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды