Атырауда эвакуациялау жүргізілді

Қауіпсіздік
04.03.2024, 12:04
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жүк тасымалы және магистральдық желі бөлімшесі ғимаратында апатты жағдайлар бойынша Дүниежүзілік азаматтық қорғау күні қарсаңында азаматтық қорғау жоспарын орындау мақсатында «Барлық қызметкерлерді эвакуациялау» тақырыбында оқу-жаттығу өтті.  

Одан бұрын өндірістік қауіпсіздік және экология мамандарымен оқу-жаттығу кезінде жарақаттанудың алдын алу шаралары жүргізілген болатын. Жаттығуға жүзге тарта қызметкерлер тартылды. Алматыдағы жағдайдан кейін жер сілкінісі бола қалған жағдайда бейқам отырмас үшін жаттығу қажеттігі ескерілді.  

Соған сәйкес бұл жолы «Сейсмикалық дабыл» қағылып, барлық қызметкерлер ауладағы арнайы жиын орнына көшірілді. Содан кейін қызметкерлер еңбек орындарына қайта барды.

«Алматыдағы 6 балдық жер сілкінісі көп жайттың көзін ашты. Сондықтан ондаған адам ғимаратта қаннен қаперсіз отырғанда жер сілкінсе не басқа бір төтенше жағдай орын алса, қызметкерлер қалай әрекет етуі керек, мұндай жағдай кезінде өздерінің және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керек? Міне, жаттығу барысында осы мәселелер түсіндірілді. Әрине оқу-жаттығу жұмыстары жиірек өтіп тұрғаны абзал. Осы мақсатта өткен шараға барлық қызметкерлер қатысты. Бұл адам өмірі мен қауіпсіздік үшін қажетті жаттығу болды», – дейді Атырау қосалқы бөлімінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі инженері Нұрлан Сұлтанғалиев.  

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі