Бейнеуде мал қағу оқиғасы жиілеп кетті

Қауіпсіздік
04.03.2024, 12:09
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жыл басынан бергі екі айда Бейнеу жол дистанциясы бойынша жылжымалы құрамдардың 13 рет мал басу оқиғасы болған. Былтыр жыл бойына 23 жағдай тіркелген екен. Ал биыл жыл басталмай жатып, бұл деректің бірден ұлғайып, осындай көрсеткішке жетуі теміржолшылардың дабыл қағуына себеп болып отыр.  

Осы жылы Бейнеу жол дистанциясы аумағында тепловоз машинистері малдың жолға шығу салдарынан 165 рет шұғыл тежеу қолданыпты. Бұл деген қаншама шығын және әр минуты санаулы теміржол тасымалында босқа кеткен қаншама  уақыт. Жылжымалы құрамға келтірілген залал және онымен тасымалданып жатқан жолаушыларға, жүктерге төнген қауіп-қатер. Сондықтан осындай оқыс оқиғаларды болдырмау, жылжымалы құрамдардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында теміржолшылар жолға жақын жерде тұратын халықпен, шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, ауыл аралап әлек болып жүргенін айтады. Санаулы айдан соң оқу жылы аяқталып, балалар демалысқа шыққанда, бұл қауіп-қатер тағы да арта ма деген алаңдаушылық бар. Тұрғындармен кездесулерде теміржолшылар теміржолдағы оқыс тежеулердің алдын алу үшін бұл мәселеге де баса назар аударып, ата-аналарға түсінік жүргізіп жатқан көрінеді.  

– Елді мекен халқы, шаруа қожалықтары, мал иелері өз қарамағындағы төрт түлікті қараусыз қалдырмай, бақташыға бақтырса, мұндай жағдайлар болмас еді. Негізінен түйе мен жылқы малы теміржол аумағына көп шығады. Сол себепті жылжымалы құрамдар жылдамдықты азайтуға, тоқтауға мәжбүр. Бұл әсіресе жолаушылар пойызының қауіпсіз қозғалысына қатер төндіріп тұр. Бейнеу бойынша мұндай үчаскелер Бейнеу – Қызыл Әскер, Ақжігіт – Қызыл Әскер, Ақжігіт – Оазис, Бейнеу – №1 бекет, №1-2, №3 – Үстірт, Алтай – Теректі, Сам – Ноғайды, Ноғайды – Тұрыш станциялары мен бекеттерінің аралықтары. Сол жерлерде теміржолға жақын ауылдың тұрғындары малын қараусыз жіберіп, салдарынан бос жайылған жануарлар жолға шығып кетеді. Тұрғындармен кездесулерде бұл үшін арнайы шаралар қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі. Дей тұрғанмен, биылғы жағдай еңбегіміздің нәтиже бермей отырғанын көрсетеді, – дейді Маңғыстау маистральдық желі бөлімшесінің жол инженері Ерлан Аманжолов.

Оның айтуынша, мекемеге қарасты теміржол телімдерінде орналасқан Бейнеу, Тәжен, Ақжігіт, Төлеп, Сай-Өтес, Сам, Сыңғырлау, Ноғайды, Тұрыш елдімекендерінде тұратындарға теміржолдағы жол ережесін таныстыру және мал басу оқиғасын болдырмау бағытында тиісті іс-шаралар жалғасын таппақ.  

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл