Су тасқыны: Көлік министрі темір жолдағы жағдай туралы айтты

Қауіпсіздік
05.04.2024, 11:01
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Бір аптадан бері елді дүрліктірген су тасқыны мәселесі сейсенбі күні Үкімет отырысында сөз болды. Бүгінде Қазақстандағы 5 облыста, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау өңірлеріндегі магистральдық жолдар бойында су жиналуы байқалады.

Осыған орай автомобиль және темір жолдардың жағдайы мен дайындығы туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімет берді. Теміржолда ұлттық оператор тасқынға қарсы 45 пойыз жасақтап, 292 вагон мен 247 платформаны қажетті материалдармен толтырып дайындап отырғанын айтқан ведомство басшысы төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп 83 су қоймасы мен бөгеттердің жағдайы тексерілгенін жеткізді.  

– Барлығы 3 556 дана көпір, 6 356 дана құбыр, 2 024 км кювет және 550 км таулы арық тазартылды. Бүгінгі таңда барлық жерде тұрақты бақылау жүргізілуде. 673 қауіпті орын анықталып, есепке алынды. Олар ойықтар, өткізу қабілеті төмен құбырлар және т.б. Ақтөбе және Қарағанды облыстарында қауіпті учаскелер мен көпірлерде қозғалыс жылдамдығына сағатына 25 км-ге дейін шектеу енгізілді (Қандыағаш – Жем, Ізімбет – Жұрын, Жезқазған – Қоскөл учаскелері). Компания берген деректерге сәйкес қазіргі уақытта теміржолдарда жағдай тұрақты, су басу және бұзылу қаупі жоқ, – деді көлік министрі Үкімет отырысында.  

Айта кетсек, биылғы су тасқынына көптеген факторлар әсер еткен. Алдымен өткен күзде жауын-шашын көп түсіп, бұл топырақтың айтарлықтай ылғалдануына себеп болды. Содан кейін қатты аяз әсерінен ол топырақ қатып қалды да, қыста жауған қалың қар қатып жатқан жерге сіңбей, топырақ бетінде мұз қабаттарының пайда болуына әкелді. Бүгінгі таңда Қазақстанның қар басқан аумағы 27%-ды құрайды. Қазіргі таңда батыс өңірлерде судың шамалы төмендеуі және елдің орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейінің қарқынды өсуі байқалады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті