Ақтөбе теміржолында 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қауіпсіздік
23.04.2024, 12:25
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Темір жолда тыйым салынған заттарды тасымалдаудың жауапкершілігі қашан да жоғары. Қару-жарақ, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды, газбен атылатын қаруларды, оқ-дәрілерді алып өтуге жол жоқ.

Ақтөбелік көліктегі тәртіп сақшылары теміржолшылармен бірлесіп «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Шара кезінде қылмыстың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына басымдық беріліп, жолаушылар мен тұрғындарға жауапкершілік түсіндірілді.  

«Жедел алдын алу шаралары кезінде 90 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде қоғамдық орынды ластаған және алкогольдік ішімдік ішкен, көші-қон заңнамасын бұзған және ұсақ-түйек бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар қатары көп. Түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 69 адамның ісі әкімшілік сотқа жолданды», – деп хабарлайды Ақтөбе ЖПБ баспасөз қызметі.  

Сонымен қатар тәртіп сақшылары тыйым салынған заттардың тасымалы үшін көзделген жаза түрлерінен де хабардар етті. ӘҚБТ Кодекстің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалы – 20 АЕК айыппұл; ӘҚБТ Кодекстің 484-бабы «Азаматтық және қызметтік қару айналымы қағидаларын бұзу» – 10 АЕК айыппұл; ҚР ҚК 287-бабына сәйкес «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» – мүлкі тәркіленіп немесе 5 000 АЕК айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 5 жылға дейiн бас бостандығын шектеуге яки бас бостандығынан айыруға жаза кесілетінін жеткізді.  

 

Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты