Еңбекті қорғау апталығы өтіп жатыр

Қауіпсіздік
26.04.2024, 11:55
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалында еңбекті қорғау апталығы өтіп жатыр. Кәсіптік оқыту семинары, экологиялық акция, қайырымдылық сынды бірнеше іс-шараны қамтыған апталық 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Магистральдық желі бөлімшесіне қарасты мекемелердің еңбек қорғауға жауапты мамандары мен жетекші инженерлер қатысқан семинар өтіп, өндірісте қаза болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Бөлімшенің бас инженері Дастан Садықов еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін факторларға кеңінен тоқталып, тақырыптық баяндама жасады. Туындайтын қауіп-қатерлерге мысал келтіріп, кәсіби тәуекелдер туралы таратып айтты. Бас инженердің мәліметінше, магистральдық желі бөлімшесі бойынша 2022-2023 жылдардан бастап және 2024 жылдың 3 айында жарақат алу жағдайлары тіркелмеген.  

– 2019-2023 жылдар аралығында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің кәсіпорындарында 6 өндірістік жарақатқа жол берілді. Жол шаруашылығында – 4, байланыс және энергиямен жабдықтау шаруашылығы бойынша 2 жарақаттану жағдайы орын алды. 5 жыл ішінде жол берілген травматикалық жағдайлардың мән-жайлары мен себептеріне жасалған талдау көрсеткендей, 40 жастан асқан және 6 жылдан астам жұмыс өтілі бар зардап шеккен қызметкерлердің жарақат алуына қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтамауы себеп болған, – дейді Дастан Ербайұлы.  

Семинарда Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының бөлім басшысы Көбейсін Әбжами «Климаттың өзгеруінің еңбек қауіпсіздігіне және еңбек гигиенасына, денсаулыққа әсері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.  

Сондай-ақ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері Ж. Есіркепов, Жамбыл жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің жетекші инженері Т.Сыздықов, Шу сигнализация және байланыс дистанциясының жетекші инженері Д.Адалбеков, Шу электрмен жабдықтау дистанциясының жетекші инженері Ж.Шәлімбаева сөз алып, өндірістік жағдайда туындайтын қауіп-қатерлерге тоқталды.  

Семинарға қатысушылар арасында түрлі зияткерлік ойындар, конкурстар, брэйн-рингтер өткізілді. Олар ситуациялық жағдайда қандай шешімдер қабылданатынын, шұғыл әрекеттер жасалатынын көрсетті. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің мамандары семинардан кейін экологиялық акцияға қатысып, Жамбыл сигнализация және байланыс дистанциясының аумағына 30 ағаш көшетін екті. Осылай теміржолшылар үшін экологиялық таза аймақ құру және микроклиматтық жағдайды жақсартуға атсалысты.  

– 20-27 сәуір аралығын қамтыған апталық аясында салауатты өмір салтын насихаттап, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бағытында нәтижелі еңбек етіп жүрген желілік кәсіпорын қызметкерлері, еңбекті қорғау және экология мамандары ақшалай сыйақымен марапатталды. Үздіктерді анықтау үшін конкурс ұйымдастырылып, онда жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға баса назар аударылды, – дейді Көбейсін Ақтанұлы.  

Бөлімшеде 31 регрессивті, өндірістік жарақат алған қызметкер бар. Желілік кәсіпорындардың кәсіподақ ұйымы зардап шеккендердің отбасына барып, азық-түлік себеттерімен қоса бір қап ұн, қант таратып, қаржылай көмек көрсетті.  

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды