Атырауда еңбекті қорғау күніне орай дөңгелек үстел өтті

Қауіпсіздік
29.04.2024, 12:19
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде еңбек қорғау және экология бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Климат өзгеруінің қауіпсіздік пен еңбек гигиенасына әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Жұмыс орнында қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алған қатысушыларға тақырыпқа орай дайындалған жадынама-бюллетень таратылды.  Жиынды ашқан бөлімше бастығының АСУ жөніндегі орынбасары Болатбек Меңдешев бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, еңбек туралы заң, қауіпті өндірістік фактор, өндірістік-тұрмыстық жағдай, арнайы киім, т.б. туралы кеңінен әңгіме өрбітті.    

Жиынға арнайы шақырылған облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары теміржолшыларды қатыстыру арқылы алғашқы медициналық көмек көрсету қағидасын, сондай-ақ түтінге не газға уланғанда, өрт шыққанда, суға кеткенде, суға тұншыққанда, т.б. төтенше жағдайларда қандай іс-әрекет жасау керектігін көрсетті. Себебі адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады. Мамандар сондай-ақ аяғы не қолы сынған сәтте қандай әрекет жасау, вена мен артерия қан тамырларының айырмашылығы, қанды қалай тоқтату, көз қарашығының жарық сезгіштігін, тамыр соғысын қалай байқау, т.б. көптеген әдіс-тәсілдерді іс жүзінде көрсетті. Бұл жайттарды білу әр маман үшін, соның ішінде еңбек қорғау инженерлері үшін аса қажет. Сол себепті де сұрақ көп болды.    

Шара барысында қатысушылар бірнеше командаға бөлініп, ситуациялық жағдайларда қалай шұғыл әрі ұтымды әрекет ету қажеттігі туралы ойын-сынақтардан өтіп, викториналық сұрақтарға жауап берді. Соңында еңбек қорғау саласында жетістікке жеткен мамандар бөлімше бастығы және кәсіподақ төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.  

– Алғашқы тоқсан қорытындысы бойынша өндірісте жазатайым оқиға болған жоқ. Қауіпсіздік пен еңбек қорғауды қамтамасыз ету мақсатында басшылар тарапынан кенеттен тексеру жүргізу, станцияларда жұмысшылармен технологиялық процесті, қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды қадағалау жұмыстары үнемі жүргізіліп отырады. Қауіптілігі аса жоғары аймақта еңбек ететін жұмысшыларға қауіпсіз жұмыс жасау іс-тәжірибесін көрсету бойынша сабақтар өтіп, оған пойыз құрастырушылар, белгі беруші, жүк қабылдаушылар, вагон қараушы, т.б. қатысты. Өрттен сақтану, экология, өндірістік және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша да қажетті шаралар жүзеге асырылып келеді. Станцияларда «Қауіпсіздік диалогы», «Өндірістік қауіпсіздіктің он екі негізгі ережесі», т.б. тақырыптарда көрнекі жадынамалар ілінген. Ал жазғы-қысқы арнаулы киіммен және арнайы қорғаныс құралдарымен бөлімше жұмысшылары 100 процент қамтамасыз етілген, – дейді қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі бастығы Салтанат Нұрсұлтанова.    

 

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл