Конференцияда автотежегіш жүйесі жан-жақты қаралды

Қауіпсіздік
21.05.2024, 12:06
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көкшетау локомотив айналым депосында локомотив бригадалары мен Бурабай курорты вагон пайдалану депосы қызметкерлерінің қатысуымен автотежегіш тақырыбына арналған конференция өтті.

Іс-шараға Көкшетау айналым депосының бастығы М.Балғоженов төрағалық етіп, жұмыстың жазғы кезеңге кіруі қарсаңында тежегіш жүйелерін дайындау, қызмет көрсету, пайдалану бойынша шаралар қабылдау, қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін қарастыру, т.т. мәселелер маңызды болып табылатынына тоқталды.  

«Теміржол көлігінің сенімді жұмысының басты шарттарының бірі – жылжымалы құрам мен локомотивтің автотежегіш жабдықтарының істен шықпай, қалтқысыз қызмет етуі, машинистер тарапынан автотежегіштерді сауатты басқару», – деді Мұхтар Балғоженов локомотив бригадалары мен вагон шаруашылығы қызметкерлері тарапынан жол берілген бұзушылықтарға бірнеше мысал келтіріп, бұл пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін бұзуға әкелетінін жеткізді.  

Ал Көкшетау станциясындағы ТҚҚ бастығының міндетін атқарушы Д. Шериязев жұмыс кезінде тежегіш жабдықтың негізгі ақаулары және стандартты емес жағдайлардан шығу туралы сөз қозғады. Жолаушылар пойызы жүріп келе жатқан кезде жіберілген бұзушылықтарға тоқталды. Сондай-ақ жүк вагондарының автотежегіш жабдықтарының тұрақты жұмысына теріс әсер ететін кезең басталатынын, сондықтан пойыздарды сапалы өңдеу мен жөнелтуге дайындауға бақылауды ұйымдастыру жағын жақсартуға қатысты бірқатар факсограммаларды пысықтағанын атап өтті.  

Машинист нұсқаушылар М.Иманбаев, Р.Керженов, Я.Трифонов және вагон шаруашылығының нұсқаушысы Н.Қоңқақов пойыз және маневр жұмысындағы кейбір кемшіліктерге тоқталды. Сонымен қатар жүк пойыздарын жүргізу кезінде локомотив бригадаларының негізгі кемшіліктерін атап өтіп, бұл пойыздардың кешігуіне, ал ол өз кезегінде қаржылық шығындарға әкелетінін мәлімдеді.  

Автотежегіш конференция барысында екі кәсіпорынның қызметкерлері арасында пойыздардың қауіпсіздік техникасына, қозғалыс қауіпсіздігіне және жылжымалы құрамға қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-техникалық актілерді білу білімін тексерген викторина өткізіліп, онда жеңіске жеткен машинист А.М.Әмірханов, машинист көмекшісі Н.Әшімов, вагон депосының қызметкерлері Ю.Б.Желдыбкин, Ш.А.Рахимжановқа бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл