Таразда өртке қарсы оқу-жаттығу өтті

Қауіпсіздік
28.05.2024, 11:40
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Тараз көліктік оқу орталығы филиалы – Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығында өрт кезіндегі эвакуациялауға арналған оқу-жаттығу өтті.

Шартты түрде ғимаратта өрт шыққанда дабыл тетігі басылып, белгі берілген сәттен бастап, оқу орталығының қызметкерлері шұғыл іс-әрекетке кірісті. Алдымен жалын бірден өршіп кетпеуі үшін сыртқа шығар есіктен басқа есік-терезелер толық жабылды. Келесі кезекте жұртты сабырға шақырып, шығу белгілерін орындай отырып, ең жақын қауіпсіз жолы арқылы іштегілерді сыртқа шығаруға тырысты.  

Арнайы өрт сөндіру көлігі келіп, мамандар іске кіріскенше, орталықтағы оқытушылар мен курсқа қатысушылардың басым бөлігі қауіпсіз орынға шығып үлгерген болатын. Әрі қарай өрт сөндірушілер ереже мен талапқа сай әрекетке көшті.  

– Өрт кезінде адамдарды эвакуациялаудың есептік уақыты – өрт туралы хабарландырған сәттен бастап ғимараттан қауіпсіз аймаққа эвакуациялау аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы десек, орталық қызметкерлері осы кезеңдегі іс-әрекетті ережеге сай атқарды. Жалпы кез келген адам төтенше жағдай кезіндегі ереже-талаптарды білуі тиіс, – дейді оқу орталығының директоры Лашынкүл Күзербаева.  

Орталықта эвакуациялау оқу-жаттығуынан кейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбында арнайы ситуациялық жағдайларды талқылау дәрісі өтті.  

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады