Атырауда теміржол өткелінде бір жылда 4 жол-көлік оқиғасы тіркелген (Фото)

Қауіпсіздік
06.06.2024, 11:38
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Соңғы бір жыл ішінде Атырау жол дистанциясына қарасты теміржол өткелдерінде 4 жол-көлік оқиғалары орын алыпты. Олардың бәрінде де басты себепкер жол тәртібіне бағынғысы келмейтін көлік жүргізушілері.

Атырау магистральдық желі бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары А.Жылқыбаевтың мәліметінше, бөлімшеге қарасты барлығы 53 өткел бар. Оның төртеуі күзетіледі, яғни шлагбаумы бар, қолмен не автоматтандырылған өткелдер. Бұлардан қауіп аз. Ал қалған 49 күзетілмейтін өткел болғандықтан автокөлік пен пойыздың соғысуы орын алады. Әрине кедергі жоқ, жүргізушілер дабылға, бағдаршамға мән бермей өткелден аялдамай өте шығуға тырысуының соңы қайғылы жағдайға әкеп соғады.    

Биылғы жылдың 11 мамырында Ақжайық-Атырау аралығының 515-шақырымындағы күзетілетін теміржол өткелінде 18 сағат 15 минутта машинист М.Мұхтаров шұғыл тежеу қолданып тоқтаған. Себебі Тойота Камри Е 175 ACV 06 номерлі автокөлігі жабық бағдаршамға қарамай жол ережесін өрескел бұзып, жолға шығуы кеткен. Абырой болғанда оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Тағы бір мысал, 2023 жылы 21 желтоқсанда Мұқыр станциясында да осындай жағдай орын алып, күзетілмейтін теміржол өткелінде машинист Ихласовтың жүргізуімен келе жатқан пойыз шұғыл тежеуге мәжбүр болған. Себебі темір жол бойына УАЗ №133 ADU 06 номерлі автокөлігінің шығып кетіп, жабық белгісін көрсеткен бағдаршамға қарамай жол ережесін өрескел бұзған. Салдарынан автокөлік жүргізушісі, Мұқыр ауылының тұрғыны дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілген. Аққыстау-Рзд. Бақсай аралығының 251-шақырымында орналасқан күзетілмейтін теміржол өткелінде түнде жабық бағдаршамға қарамай мемлекеттік номері №089 FCA 06 жеңіл көлігі жолға шығып кетіп пойызбен соқтығысқан. Оқиға орнында 2 ер адам, 2 әйел адам жарақат алып, Аққыстау ауылдық ауруханасына жеткізіліпті. Сол өткелде қазан айында да мемлекеттік №37 GO 300 жеңіл автокөлігі пойызбен соқтығысып, салдарынан 1972 жылы туған автокөлік жүргізушісі ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.   «Осындай оқиғалар жиілеп барады. Азаматтар өткелден өтудің өз ережесі бар екенін ескермейді. Автокөлік жүргізушілері күзетілетін немесе күзетілмейтін өткел болсын қауіпсіздік ережесін сақтау мәдениетін ұстануы қажет», – дейді басшы.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты