Талас станциясында тұз қышқылының ағуын тоқтату бойынша жаттығу өтті (Фото)

Қауіпсіздік
05.08.2024, 17:13
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Талас станциясында теміржол арқылы қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде туындайтын төтенше жағдайларды жоюға бағытталған республикалық тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті. Қауіптің алдын алу және жою жөніндегі жоспарлы шараға барлық тиісті құрылымдар қатысты.

Оқу-жаттығу кезінде азаматтық қорғау бойынша күштердің улы заттардың төгілу қаупі туындаған төтенше жағдайда өз міндеттерін талапқа сай орындауға дайындық деңгейі айқындалды.  

Шартты түрде оқиға былай өрбіді: Талас станциясындағы 9-жолда жүк пойызының 4 вагонындағы 60 тонна қауіпті жүк – тұз қышқылы тиелген бір вагоны рельстен шығып кеткені хабарланады. Вагон қараушыны оқиға орнында 1 дәрежелі химиялық күйік шалып, ол уланып, есін жоғалтады. №7597 маневрлік локомотивінің машинисі радиобайланыс арқылы станция кезекшісіне жағдайды мәлімдейді. Кезекші жедел жәрдем шақырып, оған дейін вагон пайдалану депосының қызметкерлері зардап шеккен жұмысшыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, санитарлық зембілге салып, қауіпсіз жерге апарды.  

Кезекшінің әрі қарайғы іс-әрекеті нұсқауға сай өрбіді. Ол орын алған жағдайды станция бастығына, радиобайланыс арқылы пойыз диспетчеріне хабарлап, дереу тасымалдау құжаттары қаралып, вагонда ООН 1789 тұз қышқылы, 8012 класты авариялық 801 жүгі бар екенін анықтап, қосымша ақпар берді. Пойыз диспетчері хабарламаны алғаннан кейін Жамбыл бөлімшесі бойынша Алматы қалалық пойыздар қозғалысын басқару жөніндегі өңірлік орталықтың бөлімше кезекшісіне оқиға туралы баяндады. Хабарлама алған бөлімше кезекшісі нұсқауға сай Жамбыл ЖТ бөлімшесінің, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің басшылығына, қауіпсіздік жөніндегі ревизорға, өңірлік орталық бастығына жағдайды жеткізді. Әрі қарай «Алматытранстелеком» АҚ операторына, Әскерилендірілген теміржол күзеті мен Жамбыл облысындағы төтенше жағдай департаментіне және жергілікті атқарушы органдардың тиісті құрылымдарына Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына кестеге сәйкес нұсқау берілді.  

Оқиға орнына Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келіп, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. Тараз станциясының желілік көлік полициясы мен Әскерилендірілген теміржол күзеті тұрғындардың қауіпті аумаққа кірмеуін бақылауға алып, төтенше жағдай орнын қоршауға алды. Талас станциясының бастығы жолдан шығып кеткен вагонды ағытып, өрт сөндіру пойызын шақырды. Қауіпті аумаққа Жамбыл облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының құрамы да дәл уақытында жетіп, тұз қышқылы төгілген жердегі ауаны «ГАНГ» жабдығының көмегімен тексеріп, іргелес аймақтың ластану деңгейін тексерді. Өрт сөндіру пойызының қызметкерлері өз міндеттерін орындағаннан кейін Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының мамандары тұйықтау өзектерін шешіп, түйіспе желісіне кернеуді қосты. Жамбыл жол дистанциясының қызметкерлері нұсқауда көрсетілген талаптарды орындап, жолдағы зақымдалған шпалдарды ауыстырып төсеп шыққан соң, Талас станциясының 9-жолын ашуға болатынын хабарлады.  

Төтенше жағдайды жоюға екі сағаттан астам уақыт кеткенін айту керек. Оған қатысқан барлық құрылымдар нұсқауға сәйкес өз міндеттерін жедел әрі нақты орындап шықты.  

– Апаттың салдарын жою жұмыстары екі кезеңде жүргізілді. Негізгі жұмыстарды, яғни зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, қауіп-қатердің алдын алу, шойын жолды қалпына келтіру, ақау анықталған вагоннан улы сұйықтықтың төгілуін тоқтату, жолды ашу жұмыстарын теміржолшылар атқарды, – дейді Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Дүйсенбек Сыдықов.  

Жалпы, республикалық деңгейде өткен шараға 231 жеке құрам 34 техника тартылды.  

Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады