Ақтөбе аумағында биыл локомотив бригадалары 56 рет шұғыл тежеу берген

Қауіпсіздік
18.11.2024, 10:02
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің Ақтөбе учаскесі бойынша бас ревизоры Еркінбек Елғондының басшылығымен өткен жиында биылғы жылдың 10 айының  жұмысы қорытындыланып, бірқатар мәліметтер жария болды.  

Мәселен, биылғы он айда Ақтөбе теміржолының аумағында  локомотив бригадалары 56 рет шұғыл тежеу берген. Оның 18-і – жолаушылар пойызы. 35 жағдайда соқтығысу орын алып, әрине шығынсыз болмады. Жылжымалы құрамдар белгіленбеген жерден өткен 7 адамды соғып, 5 жағдай адам өлімімен аяқталған.  

 Ақтөбе учаскесінің бас ревизоры аймақтағы қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты басшыларды жинап, теміржол көлігінің ақаусыз жұмысына әсер ететін жағымсыз факторларға тоқталды. Өкінішке қарай, жүргізіліп отырған профилактикалық шараларға қарамастан, қараусыз жайылған мал, автокөлік құралдары жүргізушілерінің теміржол өткелдерін кесіп өту ережелерін бұзуы, адамдардың жолды кесіп өтуі сынды келеңсіз жайттардың азаймай отырғанын мәлімдеді.  

Сонымен қатар адамдардың темір жолға бөгде заттарды тастауы, теміржол мүлкін ұрлау,  дала өрттері секілді теміржолшылар күнделікті күресіп жүрген мәселе де қозғалыс қауіпсізідігне нұқсан келтіріп отырған факторлар екені айтылды.  

Биыл 10 айда аймақта жылжымалы құрам белгіленбеген жерден өткен 7 адамды қағып кетіп, 5 адам қаза болған. Оның бірі маусым айында «Ақтөбе-1-Жіңішке» аралығында болды. Темір жолды белгіленбеген жерден өтем деген 17 жастағы қыз бала ауруханада қайтыс болды.  

«Мұндай қайғылы жағдайлар сабақ болу керек. Бірақ жыл сайын қайталанып отырған қайғылы оқиғалар жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерді ескерту, алдын алу, түсіндіру жұмыстарына жеткілікті көңіл бөлмей отырғанын көрсетеді. Сондықтан біз өз тарапымыздан қауіпсіздік шараларын күшейте түсуіміз қажет», – деді Еркінбек Елғонды.

Аймақ теміржолшылары жыл сайын тікенді сым мен ескі шпалдарын қолдана отырып 80-100 шақырымға дейін көлемде жол бойына мал өтпейтін қоршау салады, қайта жөндейді. Биыл теміржолға жақын елді мекендердегі 7 мыңнан астам адамға мал жаю тәртібін түсіндірген. Автокөлік  жүргізушілері де қозғалысқа кедергі келтіруін доғармай отыр. Локомотив машинистері әрдайым қозғалыста болғандықтан автокөлікпен соқтығысудың алдын ала алмайды.  

Қауіпсіздік басты тақырыпқа айналған жиында осы және тағы басқа мәселелер сөз болып, жоғарыда айтылған келеңсіз жайттардың алдын алуға бағытталған бірқатар ұсыныстар берілді.  

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты