Қызылордада шұғыл тежеу екі есе өсті

Қауіпсіздік
03.12.2024, 09:36

Ел экономикасының күретамыры болып отырған теміржол көлігінің өзіндік қауіп-қатері аз емес. Жыл сайын қаншама адам мен төрт түлік малды пойыз басып кетіп жатқан келеңсіз оқиғалар тіркеледі. «Малым – жанымның садақасы» дегенге атүсті қарайтындар көбейді...    

Мал шаруашылығымен айналысатын қожалықтар, жекеменшік мал иелері төрт түлігін темір жол аумағына қараусыз жіберіп, өздерін де, ұлттық компанияны да шығынға батырып отырғаны алаңдатпай қоймайды. Сонымен қатар өмірден баз кешкендер жылжымалы құрамалардың астына түсуі де жиілеп кеткені жасырын емес.    

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесіне қарасты Қоскөл  – Сексеуіл – Түркістан телімі аралығында да иесіз жайылған төрт түліктің кесірінен жылжымалы құрамалардың жедел тежегіш қолдануы тоқтамай тұр. Бөлімше бойынша қазан айында және соңғы он айдың ішінде қауіпсіздіктің бұзылуына жол берілмеген. Апатты жағдайлар мен оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Дегенмен мал мен жанның жолға шығуы мен адамдардың темір жолға бөгде заттарды қойып кетуі және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы салдарынан бөлімше бойынша пойыз машинистерінің жедел тежегіш қолдануы екі есе өсіп отырғанын айтпай кетпейміз. Өткен жылдың он айында 27 рет, ал биылғы он айда 55 рет тіркеліп отыр. Бұның ішінде жыл басынан бері  39 рет мал және 2 рет адам басу жағдайы орын алған. Машинистер темір жол үстінде бөгде адамды, не малды байқағанымен, пойыз 600-800 метрдей жүріп барып тоқтайды. Сондықтан көп жағдайда қайғылы жайт орын алмай қоймайды.

Иесіз малдың жолға шығып кетпеуі үшін жыл сайын темір жол бойындағы қоршауларға күнделікті және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп отырамыз. 53 рет аудан әкімшіліктеріне хат жолданып, 3 рет әлеуметтік желілерге бейнероликтер жіберілді. Сонымен қатар тұрғындарға «Мал бағу ережелері» жадынамасы таратылды.

Желілік полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп биылғы он айда 167 рет рейд жүргізілді. Бөлімше бойынша 16 күзетпелі және 25 күзетпесіз теміржол өткелдері бар. Он ай ішінде өткелдерде 421 рет рейд өткізіліп, 15 214 автокөлік иелері жол ережелерімен таныстырылды. ОПД ӘПБ қызметкерлерімен 1 рет өткелдерге тексеріс жүргізілді.  

Темір жол  – қауіпті де стратегиялық маңызы бар аймақ. Ол жерде бей-берекет жүруге, жол бойын жағалай мал бағуға және жол үстіне бөгде заттарды қойып кетуге болмайды, жолға жақын елді мекендерде балаларды қараусыз қалдырып, жолаушылар пойызының терезесіне тас лақтырмау керек. Көктем-күзгі егін жұмыстары, сенбілік кезінде және ауа температурасының жоғарғы жағдайында өрт қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық-экологиялық норма талаптарын қатаң сақтау керек. Сондай-ақ автокөлік жүргізушілер теміржол өткелінде ЖЖЕ жазылған қағидаларды сақтауын сұраймыз. Егерде жоғарыдағы көрсетілген талаптар орындалмаса, ҚР Ата заңында, ҚР әкімшілік Кодексінің 559-бабында көрсетілген тармақтар бойынша қатаң шара, оның ішінде айыппұл қолданылатындығын тағы бір мәрте қайталап айтқанымыз артық емес деп ойлаймын.

Ахметқали Елеусінов,

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі  

жол бөлімінің бастығы

 

Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты