Профилактиканың пайдасы зор

Қауіпсіздік
13.02.2025, 11:40
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет ету аймағында 1 ақпаннан бастап «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Айлық аясында табиғатты қорғау, бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу көзделген.

 Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағы Тараз бен Жаңатас аралығы, Түлкібастан Ақыртөбеге дейінгі 373 шақырымды құрайды.

 –  Профилактиканың пайдасы зор. Құққыбұзушылық біреуге болсын азаяды. Мысалы, өткен жылы оқу орындарында – 256,  халықпен – 185, мекеме жұмысшыларымен 18 кездесу, жалпы есепті мерзімде барлығы 180 рейдтік іс-шара, 15 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 1 245 мәрте жол үстінде жолаушыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде былтыр 3 353 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтадық. Оның басым көпшілігін белгіленбеген жерде сауда жасаушылар мен қоғамдық орында ішімдік ішіп, масаң күйде жүргендер жасаған. Жасөспірімдердің заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде жүріп-тұру дерегі де артқан. Тіркелген фактілерді зерделей келе, 809 тұлғаға 12 728 186 теңге көлемінде айыппұл салынды, – дейді Желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Олег Родякин.

 Азаматтардың қоғамдық тәртіпті, соның ішінде шойын жолдың бойында жүріп-тұру талаптарын сақтамауы салдарынан былтыр машинистер 97 рет шұғыл жағдайда пойызды тоқтатуға мәжбүр болған. Тежегішті жедел басуға себепкер болған 21 тұлғаның дерегі анықталып, ескерту жасалса, 2 адамға айыппұл салынған. Анықталмағаны – 24.

 Төрт түлігін теміржол бойына қараусыз жіберген 21 шаруаға ескерту жасалып, тағы 14-іне айыппұл салынып, толықтай өндіріліпті. Қалған 15 фактінің дерегі анықталмаған.

 Былтыр пойыздардың әйнегін сындырудың да 14 дерегі тіркелген. Оның екеуі анықталып, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 127-бабы 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданған.  

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды