Қатер аяқ астында...

Қауіпсіздік
21.02.2025, 09:22
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облысы орталығы іргесіндегі Бурыл станциясында қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында тұрғындарға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бурыл – екінші санаттағы жүк вагондарын сұрыптау станциясы. Тараз қаласының бұл аумағында жеке тұрғын үйлер темір жолға тым жақын салынған. 2 орта мектеп пен аурухана да жолға жақын орналасқан. Бір сөзбен айтқанда, жаяу жүргіншілер қозғалысы қауырт аймақ. Көп жағдайда бұрыс пен дұрысты ескере бермейтін балалар тұрмақ, ересектердің өзі асығыстықпен шойын жолды рұқсат берілмеген аумақтан кесіп өтіп кетіп жатады.  

Станциядағы жаяу жүргіншілерге арналған өткел алдында «Темір жол – қауіпті аймақ», «Пойыздан абайла!» деген ескерту белгілері қойылған. Ал «Ауыл береке» базарының жанынан кесіп өтетін автокөлік өткелінде бағдаршам бар. Пойыз келе жатқанда бағдаршам шырылдап белгі береді. Ол жерден өтерде көліктер тоқтап, сосын әрі қарай өтуі тиіс.  

– Бурыл станциясында маневрлік жұмыстар жүргізілгенде, дыбыскүшейткіш құрылғы арқылы хабарлап отырамыз. Бірақ соның өзін ескермейтіндер бар. Әсіресе, оқушылардың көктемгі, жазғы демалысы кезінде пойыздар қозғалысы кезінде қауіп-қатер арта түседі. Жас жеткіншектер қызық көріп, селфи жасап, тик-токқа видео түсіреміз деп ескертулерге қарамастан, вагондардың үстіне шығып кетіп жатады. Тіпті ересек тұрғындардың өзі жақын маңдағы жаяу жүргіншілердің өткелінен айналып жүргісі келмей, станциядағы қызметтік өткелді кесіп өтеді. Жолдың жабық екеніне, пойыздар тоқтап тұрғанына қарамайды. Сондықтан біз Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімі бірлесіп, жиі-жиі осылай ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Бүгінгі іс-шара станциядағы қызметтік өткелден басталып, №50 орта мектепте жалғасын тапты. Оқушыларға да қауіпсіздік талаптарын таныстырдық, – дейді Бурыл станциясының бастығы Нұрлан Сәкенұлы.  

Станция бастығының айтуынша, жолдан өту ережесін бұзғандарға алдымен ауызша ескерту жасалып, оны да елең қылмағандарға айыппұл салынған. Айыппұл арқалағандар бұл ең бірінші кезекте өз қауіпсіздіктері үшін жасалып жатқанын ескермей, шу көтеріп, реніш білдіреді екен. Мамандар тұрғындарға асығыстықпен қауіпті аймақтың қатерін естен шығармауды ескертеді.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл