Жол қауіпсіздігі – бүкіл қоғамның ортақ міндеті

Қауіпсіздік
06.03.2025, 09:31
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің теміржолшылары мал мен жанның теміржолға шығып кетіп, қауіпсіздікке нұқсан келтіруіне алаңдаулы. Осы жылдың екі айында бөлімшенің қызмет көрсету аумағында 8 рет адамның темір жолға шығып кетіп тепловоз машинистерінің жедел тежегіш қолдану оқиғасы тіркеліп отыр.  

Өкінішке қарай, қозғалысқа қауіп төндіретін жағдай жыл өткен сайын кемімей, керісінше өршіп барады. Аймақ теміржолшылары пойыз қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында күнделікті профилактикалық шаралар жүргізіп отырғанымен, мәселе шешімін таппай отыр. 2023 жылы – 94 рет, 2024 жылы 179 мәрте иесіз мал мен адамдардың жолға шығып кетуі, автокөлік жүргізушілерінің теміржол өткелдерінде жол ережесін бұзуы сияқты оқиғалар тіркелген. Мұндай жағдайларда тепловоз машинистері жедел тежегіш басуға мәжбүр болады. Ал биылғы жылдың екі айында аймақ бойынша, тек адамға қатысты 8 жағдай орын алып, соның ішінде 6 адам өлімі, 2 адамның мүгедек болып қалуы тіркелген. Теміржолшылар бұл проблеманы шешудің жолдарын іздеуде. Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің инженері Марат Шайжан үздіксіз жүргізіліп келе жатқан насихат жұмыстарының тиімді нәтижесін беретініне үмітті.

– Темір жолдың аса қауіпті аймақ екенін түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілгенімен, әзірге оң нәтиже байқалмай отыр. Қауіп жыл сайын қайталануда. Бөлімше бойынша жергілікті тұрғындарға, оқу орындарының оқушыларына арнайы мамандармен бірге түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды, қаңтар айында 43 рет 1746 адам қатыстырылған жиналыста темір жолдың аса қауіпті аймақ екендігі, оған жақындағанда аса сақ, жинақы, абай болу талап етілетіні айтылып түсіндірілді. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін ЖІІб мен ӘТЖ күзеті өкілдерімен бірге Қызылорда, Қазалы және Сексеуіл станцияларында 15 рет рейд өткізілді. Тіпті жергілікті әкімдікке ресми хат, шаруашылық иелеріне жолға жақын маңда мал жаю ережелерімен таныстыру хаты жолданғанымен, мәселе оң шешімін таппаса да темір жолдың қауіпті аймақ екенін түсіндіру жүмысы тұрақты жүргізіледі, – дейді қауіпсіздік бөлімі инженері Марат Шайжан.

Қауіпсіздік мәселесін шешу үшін тұрғындардың жауапкершілігін арттыру, әкімдік тарапынан қатаң бақылау жүргізу және қосымша қауіпсіздік шараларын енгізу қажет. Сонымен қатар жергілікті билік, құқық қорғау органдары мен теміржол қызметкерлері бірлесе әрекет еткенде, кінәлі тұлғаларға жария түрде шешім шығарып, нәтижені қоғамдық орындарда жариялағанда ғана бұл мәселенің шешімі табылады. Жалпы қандай деңгейдегі болмасын қауіпсіздікті қамтамасыз ету тек теміржолшылардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті болуы тиіс деп санайды қауіпсіздік инженері.

Теміржолшылар бұл бағытта өз жұмыстарын жалғастыра бермек, дегенмен жергілікті халықтың қолдауы аса қажет.  

 

Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!