Шымкентте жасөспірімдер пойыз вагонына жармаспақ болды

Қауіпсіздік
02.04.2025, 09:38

Шымкент қаласының вокзалында жасөспірімдердің теміржол ережелерін өрескел бұзу дерегі тіркелді. «Атырау – Алматы» бағытындағы №42 жолаушылар пойызының жөнелтілуі кезінде үш жасөспірім соңғы вагонға жармасып мінуге әрекет жасаған, деп хабарлайды Rail-news.kz.

 Аталған заңсыз әрекет теміржол қауіпсіздігі ережелерін елемеумен қатар, ауыр қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін еді.

Оқиғаны Шымкент магистральдық желі бөлімшесіне қарасты вокзалдың кезекшісі Мейірбек Керімбеков дер кезінде байқап, бірден станция кезекшісі мен желілік полиция қызметкерлеріне хабар берген. Теміржол қызметкерлері мен полицияның жедел әрекетінің арқасында жасөспірімдер ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі таңда олардың жеке тұлғалары анықталып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.

Оқиға салдарынан пойыздың жөнелтілуі бес минутқа кешігіп, құрам сағат 01:28-де қозғалысын қайта жалғастырды.

Ұлттық тасымалдаушы вагонға жармасу сынды әрекеттердің теміржол көлігі қауіпсіздігі талаптарын өрескел бұзу болып саналатынын және бұл адамның өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін қатаң түрде ескертеді. Мұндай құқықбұзушылықтар ауыр жарақаттар мен адам өліміне алып келуі мүмкін.

Қолданыстағы ережелер мен талаптарға сәйкес, жолаушылар пойызға тек вокзалдар мен станцияларда орналасқан арнайы жабдықталған платформалар арқылы ғана міне және түсе алады. Техникалық аймақтарға өтуге, сондай-ақ вагондардың сыртқы бөліктеріне жармасуға қатаң тыйым салынады.

Техникалық аялдамалар кезінде пойыздан шығуға қатаң тыйым салынады. Құрам елді мекеннен тыс жерлерде тоқтаған жағдайда да жолаушыларға сыртқа шығып серуендеуге немесе темекі шегуге рұқсат етілмейді. Аталған шектеулер жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында енгізілген.

Сондай-ақ жолаушыларға теміржол жолдарын белгіленбеген жерлерден кесіп өтуге қатаң тыйым салынады. Теміржол нысандары аумағында мас күйде жүруге де жол берілмейді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ ата-аналарға жасөспірімдердің арасында теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, компания азаматтарды қырағылық танытуға және қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын байқаған жағдайда, дереу теміржол қызметкерлеріне немесе желілік полицияға хабар беруге шақырады.

 

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті