Қызылорда өрт сөндіру пойызы кәсіби дайындықтарын шыңдады

Қауіпсіздік
16.04.2025, 15:21
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясында жүк вагонындағы имитациялық өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда өрт сөндіру пойызының бірлесуімен өткен жаттығу жоспарға сай ұйымдастырылды.  

Жаттығу «Жүк вагонындағы имитацияланған өртті сөндіру» тақырыбында өтті. Қызылорда өңіріндегі салалық мекемелердің басшылары жаттығу барысын бақылап, алдағы уақытта не нәрсеге басты назар аудару керектігі жайлы сараптама жасады.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша сағат 09:59-да станция кезекшісі жүк вагонынан шыққан түтінді байқап, дереу құзырлы органдарға хабарлайды. Бұл ақпарат негізінде сағат 10:00-де диспетчерлік нұсқау қызметінің бастығы А.Жанаев бұйрық беріп, Қызылорда өрт сөндіру пойызы жедел дайындық әрекетіне көшті.    

Өрт сөндіру пойызы 800 метр қашықтықтағы жаттығу орнына жедел жетіп, сағат 10:02-де барлау жұмыстарын бастады. 10:03-те  дайындық аяқталып, 10:04-те өртті сөндіру іс-қимылдары жүргізіле бастады. Өрт 10:15-те локализацияланып, 10:22-де толығымен сөндірілді.

Өрт сөндіру пойызының бастығы Рысбек Шадаевтың айтуынша, оқу-жаттығу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық құрылымдардың үйлесімді өзара іс-қимылы қамтамасыз етілді.  

– Теміржолдағы төтенше жағдайлар  кезінде ең алдымен кәсіби дағды бойынша әрекет етесің. Осындай оқу-жаттығу сол кәсіби дағдыны жетілдіріп, тәжірибелік шеберлікті шыңдайды. Сондықтан жаттығу демей, барынша шынайы жағдайда қарастырамыз, – деді ол.

Өрт сөндіру кезінде қызметкерлердің барлығы өз міндетін талапқа сай, жауапкершілікпен орындай білді. Өрт сөндіруші Сұлтан Нышанбай, бөлім басшысы Ғани Төлегенов, ГДЗС шебері Қайрат Бердімұратов, өрт сөндіруші сарбаз Досым Әбілқасымовтың кәсіби шеберлігі мен батылдығы үшін басшылық тарапынан алғыс жарияланды.    

Сағат 10:33-те оқу-жаттығу толық аяқталып, сағат 11:33-те қорытындысы шығарылды. «Жүк вагонындағы имитацияланған өртті сөндіру» тақырыбындағы өрт-тактикалық оқу-жаттығу жоғары деңгейде өтіп, кәсіби дайындық жоғары баға алғаны айтылды.    

Кез келген уақытта болуы мүмкін өртті сөндіру тактикалық оқу-жаттығуына қызылордалық теміржолшылар, төтенше жағдайлар департаменті, ӘТЖК, Қызылорда локомотив пайдалану депосы мен электрмен жабдықтау мекемелері, жедел жәрдем және басқа құрылымдардан 72 адам мен Өрт сөндіру пойызы, 6 ТЖБ, 4 АС-40, 1 Газель және 1 жедел жәрдем техникасынан жасақталған арнайы 7 бірлік техника қолданылған.

Бұл оқу-жаттығу – теміржол инфрақұрылымындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету және сала мамандарының кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілген маңызды іс-шара. Мұндай дайындықтар нақты қауіп-қатер туындаған жағдайда адам шығынын болдырмауға және материалдық шығынды азайтуға мүмкіндік береді.

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға