Таразда вагон үстіне шыққан жолаушы құтқарылды

Қауіпсіздік
07.08.2025, 11:26
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Әскерилендірілген теміржол күзеті Тараз филиалының жігіттері желілік полиция қызметкерлерімен бірге дер кезінде шұғыл әрекет етіп, қауіп-қатердің алдын алып, адам өмірін аман сақтап қалды.

Оқиға былай болған, жаяу жүргіншілер өтетін аспалы көпірдің үстінде тұрған күзетші Мұхит Нұрымбетов жүк вагонының үстінде адам отырғанын байқап қалады. Дереу қарауыл басшысына хабарлайды. Әрі қарай шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ іске кіріседі.

Осындай төтенше жағдайларда әрекет ететін оңтайлы топ желілік полициямен бірлесе отырып жүк құрамасының жартылай ашық вагонының үстінде жасырынып кетіп бара жатқан адамды Ақшолақ станциясында жүк құрамасынан аман-есен түсіріп алды.  

«Вагон үстіндегі жолаушы Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Азамат аман-есен, бірақ заңсыз әрекетіне орай шара қолданылатыны түсінікті. Темір жолда қуаты жоғары электр тоғының желісі тартылған. Электр толқыны мен ашық вагондағы суық пен жел ызғары адам денсаулығына қандай зиян екені айтпаса да түсінікті. Оның үстіне жартылай ашық вагоннан құлап, пойыз астына түсіп кету қаупі де бар. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі» деп жазылған. Теміржол күзеті адам өмірінің қауіпсіздігін сақтандырады, заңсыздықтар мен бейберекетсіздікке жол бермейді», – дейді шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ басшысы Шоқан Қасымов.

ӘТЖК Тараз филиалы басшылық тарапынан қойылатын тәртіп пен талаптың арқасында әскерилендірілген теміржол күзетінің жұмысын жүйелі жүргізіп келеді. Еркін Мүсілімов басқаратын филиал ұжымы бұған дейін де қырағылық танытып, талай заңсыздықтардың жолын кескен. Өткен жылы республика бойынша үздік атанып, Ауыспалы Туды жеңіп алған.

Әскерилендірілген күзет жұмысының тиімділігі мен маңызын қарапайым халық түсіне бермейді. Қауіп-қатер туындағанда, тағы бір келеңсіздіктің алдын алғанда ғана салалық қызметтің салмағын бағамдай бастайды.

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды