Өткелдегі қатер

Қауіпсіздік
24.02.2026, 08:54
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз қаласының аумағында бұрын үш бірдей станция болатын. Облыс орталығына жақын аудандарға қарасты елді мекендерді қосып, аумағы кеңейгелі бері Тараз, Талас, Бурылмен бірге Шайқорық станциясы да шаһардың бір бөлігіне айналды.

Соның ішінде кластан тыс Тараз станциясы аумағы, жұмыс ауқымы жағынан ең ірісі болса, Бурыл қаланың негізгі стратегиялық объектілерін жалғап жатыр. Бурыл станциясында екі күзетілмейтін, бір қызметтік өткел бар. Әсіресе оңтүстік-шығысындағы «Ауыл береке» базарының сыртынан өтетін теміржол учаскесіндегі өткелде автокөлік ағыны өте жоғары. Ал шаһарға келетін азық-түлік және құрылыс заттарының тауар айналымы осы станция арқылы сұрыпталады. Сондықтан бұл жол қозғалысында қауіп-қатер туындауы мүмкін аймақтың бірі саналады.  

Бурыл станциясының бастығы Нұрлан Сәкенұлының айтуынша, екінші өткел станцияның маневрлік жұмыстары жүргізілетін негізгі аумақта орналасқан.  

– Шаһардың бұл аймағында жеке тұрғын үйлер тура шойын жолды қос қапталынан жағалай жақын қоныстанған. Сол маңда 2 орта мектеп пен бір аурухана бар. Мұнда жаяу жүргіншілердің қозғалысы қауырт. Сол себепті станция аумағында профилактикалық іс-шаралар жиі өткізіледі. «Назар аудар, жолда адам!» айлығы басталғалы бері барлық ауысымдағы станция қызметкерлеріне қозғалыс және еңбек қауіпсіздігін сақтау туралы нұсқаулар түсіндірілуде. Апта басында арнайы техникалық сабақ өткізіледі. Тұрғындарды қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтауға шақыру үшін алдымен теміржолшылар ереже-нұсқауларды жақсы білуі тиіс. Себебі біз екінші санаттағы жүк вагондарын сұрыптау станциясы болғандықтан, айына екі мыңнан аса жүк қабылдаушыға жүктерді сұрыптап тапсырамыз. Маневрлік жұмыстар кезінде 48 кірме жолдағы қауіпсіздік мәселесін бақылауда ұстауымыз керек, – дейді Нұрлан Сәкенұлы.  

Бурыл станциясындағы қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты бір мәселе – тұрғындардың рұқсат етілмейтін қызметтік өткелді кесіп өтуінің тыйылмай тұрғаны. Станция мамандары бұған қоғамдық көліктердің соңғы нүктесі осы маңда орналасқаны себеп болып отырғанын алға тартты. Егер автобустар рұқсат етілген өткелге дейін барса, жаяу жүргіншілердің қызметтік өткелді кесіп өтуі азаяр еді дейді.

 

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды