Шымкентте теміржол бойындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Қауіпсіздік
13.03.2026, 08:29
Суретті түсірген автор

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде бөгде адамдардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша үйлестіру кеңесінің шұғыл отырысы өтті.

Бөлімше директорының шұғыл қызметтер жөніндегі бірінші орынбасары Нұрбол Бижановтың төрағалығымен өткен жиынға теміржолшылармен қатар көлік прокурорлары, желілік тәртіп сақшылары, әскери күзетшілер, көліктік бақылау инспекциясы мамандары, жол, белгі беру және байланыс, электрмен қамту дистанциялары, вагон және локомотив пайдалану деполары және басқа да кәсіпорындар өкілдері қатысты.  

Күн тәртібінде 2025 жыл бойынша станция жолдарында бөтен азаматтардың жарақаттанушылық жағдайы, станция жолдарын қоршау, ескерту белгілерін қою, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізу, желілік тәртіп сақшылары және әскерилендірілген күзет қызметімен бірге рейд ұйымдастыру, сонымен қатар бөгде азаматтардың қатысуымен болатын қайғылы жағдайдың алдын алу бойынша міндеттер қаралды.  

Қатысушылар тарапынан қоршауларды бұзу және азаматтардың темір жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі мәселесі көтерілді. Темір жолға жақын орналасқан елді мекен тұрғындары қоршауларды әдейі бұзатыны айтылды. Мұндай әрекеттер азаматтардың өміріне және пойыздардың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Осы мәселе бойынша қоршаулардың жиі бұзылатын жерін анықтап, тәртіп сақшыларына беруге шешім қабылданды.  

Екінші мәселе өткелдерде бейнебақылау орнату туралы болды. Теміржол өткелдеріне ІІД-ның жедел басқару орталығына қосылып тұратын бейнекамералар қою қажеттілігі сөз болды. Бұл шара ЖКҚ бұзушыны анықтауға, рұқсат етілмеген кезде автокөліктердің өтуіне жол бермеуге, төтенше жағдайға жедел жауап қатуға мүмкіндік бермек.  

Үшіншіден, жаңадан келген қызметкерлерге тәлімгерлер бекіту жайы көтерілді. Жұмысқа енді қабылданған жұмысшылар арасында өндірістік жарақат алу жағдайын болдырмау үшін олардың әрбірін бейімделгенге дейін тәлімгерге бекіту керектігі айтылды. Сонымен қатар жиында қоршауларды дер кезінде жөндеу, «толаскез» және жол жабылған кезде аса мұқият болу мәселелері де назарға алынды. Айтылған мәселелерді шешу бойынша тиісті тапсырмалар берілді және шаралар қабылданды.  

Нұрназ НҰРЛАНҚЫЗЫ

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды