Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ

Қауіпсіздік
29.04.2026, 14:06
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Еңбек ұжымдарында ешқандай стрестік жағдайларға жол берілмеуі тиіс. 2026 жылы еңбек заңнамаларына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді маусымнан бастап Қазақстанда еңбек қатынастарын рәсімдеуге бақылау бұрынғыдан да күшейтіледі.

Өндіріс жағдайында еңбекті қорғауда неге мән беру керек? Қазіргі талаптар қандай? «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалында өткен дөңгелек үстел барысында тараптар осы мәселелерді талқыға салып, Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология жөніндегі инженерлерге құқықтық тұрғыда кеңес берілді.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов 28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде семинар, конкурстар, дөңгелек үстел отырыстары ұйымдастырылғанын атап өтіп, қауіпсіз жұмыс жағдайын қалыптастырудағы жаңа талаптарды түсіндіруге басымдық берілгенін жеткізді.  

– «Адам. Қозғалыс. Болашақ». Осы үш басымдық – біз үшін аса маңызды. Қазақстан темір жолының басты ұстанымы. Биыл 28 сәуір – Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күнінде «Қолайлы психоәлеуметтік жұмыс ортасы – жұмысшылардың өркендеуіне және күшті ұйымға апаратын жол» тақырыбының алға шығуында үлкен мән бар. Қауіпсіз еңбек ортасын қалыптастыруда әр қызметкердің әлеуметтік көңіл күйі маңызды, - дейді Дүйсенбек Сыдықов.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Бақытжан Құраметов, Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Светлана Георгиевна, Сәуле Қожанбекова еңбекті қорғаудағы талаптарды түсіндіріп, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысына Сарышаған, Шу, Түрксібтегі құрылымдық бөлімшелердің жауапты мамандары онлайн режимде қатысып отырды. Туындаған сұрақтарын қойып, мамандардан кеңес алды.

Еңбекті қорғау талаптары мен ережелері  Жамбыл локомотив пайдалану депосында өткен семинарда да қозғалды. Ауқымды іс-шарада еңбек қауіпсіздігін сақтауда үздік үлгі көрсеткен қызметкерлерге «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ-нің Жамбыл филиалының атынан сый-сияпаттар тапсырылды.

– Дүниежүзілік Еңбекті қорғау күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар үздік қызметкерлерді марапаттау салтанатымен қорытындыланды. 7 маман «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры А. Үмбетовтің, 3 қызметкер «Жамбыл» филиалының директоры А. Сеитбенбетовтің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология жөніндегі инженерлер өндіріс орындарында қауіпсіздікті сақтау ережелерін түсіндіретін буклеттер мен парақшалар таратып, шойын жол бойында жүрудің және жұмысшы пойыз келе жатқанда қандай талаптарды сақтауы керектігін айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері «Жолда адам» айлығы екі рет жарияланды. Жолдағы қауіпсіздікті де ұмытпауымыз қажет, - дейді филиалдың Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, экология бөлімінің бастығы Медет Қарымбаев.

Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл