Еңбекті қорғау күні атап өтілді

Қауіпсіздік
01.05.2026, 11:30
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні атап өтілді. Қауіпсіздік минуты рәсімімен басталған жиынға компанияның Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Әділбай Семенов және «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Ғафу Несіпбаев қатысты. Іс-шара барысында бұл күннің маңызы түсіндіріліп, сала үздіктері марапатталды.

Биылғы жылы атаулы күнге «Қолайлы психо-әлеуметтік жұмыс ортасы: жұмысшылар мен мықты ұйымның дамуына бастар жол» деген тақырып арқау етілді. Демек жұмыс барысында күйзелісті төмендетуге, кәсіби тұрғыда жұмыстан шаршаудың алдын алуға, салауатты психологиялық орта мен ахуал қалыптастыруға басымдық беріледі. Қатысушылар бұл күннің тарихы өндірісте жүріп қаза тапқан жұмысшыларды еске алумен басталғанын атап өтті.

Алғаш рет бұл күн 1989 жылы Солтүстік Америка кәсіподақ ұйымының бастамасымен атап өтіле бастады. Сол арқылы әлем назарын өндірістік жарақаттанушылық, жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыруға, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуге аудару көзделген.  

– Бүгінде бұл күннің маңызы одан сайын артып, кеңейе түсті. Еңбек қорғау – тек нормалар мен ережелерді сақтау ғана емес, қауіптің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, заманауи технологияларды енгізу, цифрландыру және ЖИ мүмкіндіктерін қолдану тұрғысынан да аясы ұлғая түсті. Дегенмен өзгерістерге қарамастан, ең бастысы – адам мен оның өмірі және денсаулығы ең үлкен назарда болып қала береді. Қызметі өндірістік қауіпсіздікпен тікелей байланысты біздің компания үшін де еңбек қорғау мәселелері сөзсіз басымдыққа ие сала болып саналады. Қауіпсіздік – бұл күн сайынғы тәжірибе, ол әр адамның жеке жауапкершілігінен бастау алады, – деді департамент директоры.  

Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша жыл сайын әлемде 2,7 млн-нан астам жұмысшы өндірісте жүріп қаза табады. Сондықтан қатысушылар жұмыста жүріп жарақат алуды мүлдем болдырмау – мақсат қана емес, ол ойлау нормасы екенін атап өтті. Жиында одан әрі «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен еліміздің бірнеше өңірінен келген 9 теміржолшы марапатталды. Солардың бірі Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі еңбек қорғау және экология қызметінің бастығы Амангелді Мақсымбердиев еңбегінің еленіп, марапат алғанына алғыс білдірді.

– Алты жылдан бері түбек теміржолындағы еңбек қауіпсіздігін сақтау қызметінде еңбек етіп келемін. Бүгін берілген әрбір марапат – кәсібилікті, жауапкершілікті, қауіпсіздікті сақтаудың жоғары мәдениетін мойындау. Қауіпсіздік – бірлескен күштің, күн сайын тәртіп сақтаудың нәтижесі. Сондықтан бұл салада әрбіріміздің жауапты қызметіміз маңызды. Өз жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге бар еңбегін арнап жүрген әріптестерімді құттықтаймын, – деді ол.  

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады