Күзет қызметінің сарбаздары

Қауіпсіздік
05.05.2026, 08:32
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жартылай әскери сала аталатын теміржол саласының құрылымында «Әскерилендірілген теміржол күзеті» қызметі бар. Шойын жол бойындағы нысандармен қоса жылжымалы құрамға ілеспе күзетті жүзеге асыратын құрам тәуліктің кез келген уақытында шұғыл тапсырмаларды орындауға сақадай сай тұрады. Әскери жүйеге құрылған салада темірдей тәртіп пен талап бар.

«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалында күшті де қуатты, білекті де жүректі жігіттер еңбек етеді. Нағыз әскери талап пен тәртіп қалыптасқан ортада әлсіздерге жол жоқ. Әсіресе филиалдың шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ күзетшілері қашан да жоғары дайындықтағы ерекше құрам ретінде сипатталады. 33 адамнан жасақталған бұл құрам үнемі физикалық дайындықта болу үшін аптасына бір рет Тараз қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде арнайы жаттығулар өткізіп тұрады. Шоқан Қасымов басшылық ететін оңтайлы топтың үш станциядағы құрамына жақында жаңа Toyota Hilux көліктері тапсырылды.  

– Әскерилендірілген күзеттің негізгі міндетінің бірі – шұғыл әрекет ететін күзет топтары қызмет көрсететін учаскелердегі ұрлықтардың алдын алу. Жасақтың 10 қызметкері – Таразға, тағы оны – Түрксібке, 13 адам Шу станциясына бөлінген. Шұғыл әрекет ететін оңтайлы топтың қырағылығының арқасында былтыр ұрлық әрекетінің 27 фактісін анықтадық. 2024 жылы осындай 19 жағдай орын алған. Дерек 47 пайызға ұлғайғанымен, 35 адамның қылмыстық әрекетіне тосқауыл жасалды. Өкінішке орай, сұғанақтық жасағандар ішінде теміржол саласының 7 қызметкері бар. Алдыңғы жылы да бесеу болған. Ұрлық фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны – 10. 2024 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда төртеуге көбейген, деген мен сұқ қолдар біздің қырағы жігіттердің құрығынан құтылып жатқан жоқ, – дейді «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Тараз филиалының директоры Еркін Мүсілімов.  

Тарқатып айтсақ, шұғыл әрекет ететін оңтайлы топ құрамы былтыр жүк пойыздарынан көмір, кокс ұрламақ болған 19 жағдайдың алдын алған. 2024 жылы осындай 13 қылмыстық әрекеттің жолын кескен. Оның ішінде жүк вагондарының тірек аралықтары, жолдың жоғары құрылымының бөлшектерін жымқыру деректері де бар.  

Солтүстігінде Қарағанды облысымен шектесетін Сарышаған станциясынан бастап, тоғыз жолдың торабы Шу мен Меркіде Тәтті, Түрксіб, Тараз және Қырғызбен шекаралас жатқан Маймақ станциялары аумағын әскерилендірілген күзетпен қамтып отырған филиалдың жеке құрамына физикалық дайындығы мықты, ерік-жігері күшті азаматтар ғана қабылданады. Ілеспе күзет кезінде қызметкерлер өздерімен бірге қару, түрлі жағдайларға байланысты техникалық қызмет көрсететін құрал-жабдықтарды да бірге алып жүреді. Өйткені ұрлық-қарлықтан басқа қауіпті қылмыспен бетпе-бет келетін де жағдайлар кездеседі. Қайсыбір жылы жолаушылар пойызында ішімдік ішіп алып суық қарумен жолаушы халықтың зәресін алған бұзақыны құрықтау оңайға түскен жоқ. Мұндай оқиғалар вокзалдар мен пойыздарда аз кездеспейді. Осындай кезде алдымен жетіп, әрекет ететін – темір жолдың әскерилендірілген күзет қызметінің сарбаздары.  

Сонымен қатар жүк пойыздары арқылы сұйытылған газ, түрлі қышқылдар секілді қауіпті жүктер де тасымалданады. Мұндайда ол жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін де ілеспе күзет. Жол бойында әскерилендірілген күзет вагондар мен цистерналардың пломбаларының бүтін болуын қадағалап, оларға зақым келмеуін бақылауда ұстайды. Ұрлаудан бөлек, сұйық заттардың төгіліп-шашылуының алдын алуға да жауапты. Ал егер ұрлық жағдайы орын ала қалса, ол жерге шұғыл әрекет ететін жедел топ барып, деректерді талдап, тексеру жүргізеді.  

 

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд