Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп

Қауіпсіздік
25.06.2026, 09:27
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жеке кәсіпкерлер мен ірі кәсіпорындардың иелегінде болған соң, кірме жолдарды күтіп-сақтау мәселесінде кілтипан көп. Соның салдарынан қозғалыс қауіпсіздігі сақталмай, 2026 жылдың алғашқы 5 айында пойыздардың темір жолдан шығу фактілері саны айтарлықтай артқан. 2025 жылы есепті кезеңде 4 жағдай тіркелсе, биыл олардың саны 9-ға жеткен.

Бұл туралы Президент тапсырмаларын орындау, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру, кірме темір жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы бағыттағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелері талқылаған ведомствоаралық кеңесте айтылды.  

Жамбыл өңірлік көлік прокуроры Саят Сеитжанның төрағалығымен өткен жиынға Жамбыл облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының бастығы Досжан Мырқалықов, Тараз станциясы Желілік полиция бөлімінің бастығы Олег Родякин, облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Нұралы Ергебаев, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Асқар Жексенбиев және «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының жауапты басшыларымен бірге, аймақтағы кірме жолдардың иелері қатысты.

Модератор Саят Сеитжанұлы өрескел бұзушылықтар тіркелген кірме жолдардың жай-күйін арнайы барып көргенін, техникалық талаптар сақталмай отырса да, тармақтарда жөндеу жұмыстары жүргізілмегенін ашып айтты. Орын алған жағдайларды сараптаған Жамбыл көлік прокуратурасының прокуроры Ульфат Токтаеваның айтуынша, биыл кірме жолдарда пойыздардың темір жолдан шығу фактілер көбейген. Ал 2025-2026 жылдар аралығындағы мұндай жағдайлардың жалпы саны 19-ға жеткен.  

– 8 жағдай кірме жолдардың меншік иелерінің жолдарға техникалық қызмет көрсетпеуінің салдарынан орын алған. 11 жағдай рельс, шпал, балласт және тағы басқа жолдың жоғары құрылысы элементтерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайына байланысты туындаған. Талдау нәтижелері кірме жолдар инфрақұрылымының техникалық жай-күйін күшейту және меншік иелерінің жауапкершілігін арттыру қажет екенін көрсетіп отыр, - дей келе прокурор Ульфат Токтаева жыл басынан бері тіркелген фактілерге жеке-жеке тоқталып өтті. Себептері мен салдарын ерекше атап көрсетті.

Жамбыл мемлекеттік аудандық электрстанциясы АҚ-ның кірме жолында биыл 31 қаңтар күні орын алған жағдайға – кірме жолдың қанағаттанарлықсыз жағдайы мен жол табанының нормадан артық кеңеюуі себеп болған. Соның салдарынан күкірт қышқылы тиелген екі вагон рельстен шығып кеткен. Жалпы, сұйық тауарды тасымалдау кезінде туындайтын қауіп көп. Ең бірінші кезекте –  адам, яғни, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі сақтау өрескел бұзылып, денсаулық жағдайына айтарлықтай қатер төнуі мүмкін. Ал, қышқыл топыраққа төгілсе, қоршаған ортаға келтірер залалы көп.

«Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Асқар Жексенбиевтің сөзіне сүйенсек, қозғалыс қауіпсіздігін бұзу салдарынан орын алған 9 жағдайдың алтауы – тармақ иелерінің жолды қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстауына байланысты туындаған. Ал үшеуі  сол жеке кәсіпкерлік нысандары және кәсіпорын қызметкерлерінің жіберген қателігі екен.  

– Атап айтсақ, маневрлік жұмыстарды жүргізу технологиясын сақтамаған. Бұл жағдайлар жолдарды күтіп ұстау және маневрлік жұмыстар кезінде нұсқаулықтар мен талаптардың орындалмайтынын, қауіпсіздік шаралары сақталмайтынын көрсетеді. Жалпы пойыздардың рельстен шығуы және соқтығысу фактілері 2025 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 5 жағдайға, яғни 4-тен 9-ға дейін немесе 55,5 пайызға өскен.

Қазір «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің» жауапты мамандары кірме жолдарда орын алған жағдайларды зерделеп-тексеруде. Іс жүзінде тармақ иелері рельс-шпал шаруашылығының жай-күйіне тексеру жүргізсе, жылжымалы құрамның рельстен шығып кету жағдайларын алдын алуға болатын еді, - дейді Асқар Жексенбиев.

Жамбыл облысы бойынша көлікті бақылау инспекциясының бастығы Досжан Мырқалықов пен Тараз станциясы Желілік полиция бөлімінің бастығы Олег Родякин кірме жолдардағы өзге де құқық бұзушылықтар мен орын алған жағдайлар туралы айтып өтті. Кірме жолдар иелері аталған фактілердің салдарын жою және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қандай іс-шаралар атқарылғанын айтып өтті.

Жиында жеке кәсіпкерлер кірме жолдарды күтіп-баптау, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде ескерілетін ережелер, жолды пайдалану кезіндегі есте сақтайтын талаптар туралы сұрақтар қойып, өздері бетпе-бет келіп отырған проблемаларды көтерді. Мамандардан кеңес сұрады.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды