Заң мен тәртіп: Болашақ жүргізушілерге теміржол өткеліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

Қауіпсіздік
28.07.2026, 08:47
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қауіпсіз өткел» акциясы аясында қостанайлық теміржолшылар жыл сайын бір мыңнан астам жүргізуші даярлайтын «Вираж Авто-2012» автомектебінде кездесу өткізді.

Теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік мәселесіне арналған профилактикалық дәріс «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы мен жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында ұйымдастырылды. Дәрісті Қостанай магистральдық желі бөлімшесінің директоры Марат Тугамбаев өткізді. Ол тыңдаушыларға теміржол өткелдерінен қауіпсіз өту қағидаларын түсіндіріп, қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы еске салды, сондай-ақ Жол қозғалысы қағидаларын сақтамаудың салдарынан орын алған нақты оқиғаларды мысалға келтірді. Кездесу соңында қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға жауап берілді.  

Қостанай магистральдық желі бөлімшесінде мұндай профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Биылғы жылдың басынан бері желілік полициямен бірлесіп 105 профилактикалық рейд ұйымдастырылып, 2 370 жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, автокөлік кәсіпорындарында қауіпсіздік мәселелеріне арналған он кездесу өткізілді.

 

Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты