Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі

Қауіпсіздік
15.09.2026, 09:26
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

10 қыркүйек күні Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік және еңбек қорғау және экология мамандарының арасында корпоративтік олимпиадалар өтті. Оған ел өңірлеріндегі желілік теміржол кәсіпорындарының осы салалардағы жетекші мамандары қатысты.

Олимпиадалардың ашылу салтанатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Өндірістік қауіпсіздік және экология департаментінің директоры Әділбай Семенов сөз алды.  

– Жыл сайынғы дәстүрмен биыл да Қауіпсіздік және еңбек қорғау (ЕҚжҚ), сондай-ақ экология саласы қызметкерлерінің басын біріктірген олимпиада өткізіп отырмыз. Бұл сайыстың мақсаты осы саладағы қызметті жетілдіру және мамандардың мәртебесін арттыру. Сонымен қатар мамандардың шығармашылық белсенділігін, кәсіби шеберлігін және дағдыларын жетілдіру, атқаратын жұмыстарын жетілдіруге ынталандырып, озық формалар мен жұмыс тәсілдерін кеңінен тарату. Сондықтан бүгінгі әрқайсысыңызға жетістік пен сәттілік тілей отырып, олимпиадалар әріптестер арасындағы тәжірибе бөлісу, білім-біліктілікті жетілдіру алаңы болатынына сенімдімін, – деді Әділбай Тайғараұлы.  

Корпоративтік олимпиадаға қатысу үшін үміткерлер штаттағы маман болуы, еңбек өтілі екі жылдан кем болмауы, сонымен қатар желілік және аймақтық деңгейлердегі сайыстардан озып шығулары тиіс болатын. Міне, осы критерийлерден сүрінбей өткен мамандар республикалық олимпиадада бас қосты.  

Алдымен таңертең еңбек қорғау және қауіпсіздік мамандарына, ал түстен кейін экологтарға арналған олимпиада өтті. Маңызды сайыстар алдында қауіпсіздік минуты жарияланып, қазылар алқасы мен олимпиада ережелері таныстырылды. Олимпиада үш турдан тұрды. Бірінші турда қатысушылар тестік тапсырмаларды орындаса, екінші турда ситуациялық жағдайлардағы іс-қимылдары мен шешім қабылдаулары сыналды. Ал үшінші турда блиц-сауалнамаға жауап берді.  

Қауіпсіздік және еңбек қорғау мамандарына арналған білім мен білік бәсекесінде олимпиада жеңімпаздары болып Амангелді Мақсымбердиев (1 орын), Сергей Тарасов (2 орын) және Балабек Әлібек (3 орын) танылды.  

– Корпоративтік олимпиадаға алғаш қатысуым. Бірінші турдағы тестілік тапсырмада 20 сұрақ келді. Бәрі біздің күнделікті жұмысымызға қатысты болды. Сондықтан кейбір сұраққа сенімді жауап берсем, кейбіреуіне ойлануға тура келді. Екінші ситуациялық жағдайда да біліктілігіміз, еңбек қорғау инспекторы ретіндегі қызметтік іс-әрекеттеріміз сынға түсті. Ал үшінші блиц-сауалнама турының шарты бойынша, сұраққа басқа үміткерлер дұрыс жауап бере алмаса, ұпай сұрақ қоюшы адамға кететін еді. Өзім әріптестерімнің екі сұрағына дұрыс жауап бердім, – деп ой бөлісті олимпиада жеңімпазы, Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі еңбек қорғау және экология бөлімінің бастығы Амангелді Мақсымбердиев.

Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады