Теміржолдан шыққан үш батыр

Темір жол тарихы
01.02.2022, 11:54
Оқуға 3 мин
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау жол бөлімшесінде мұражайдың ашылғанына биыл отыз жыл толып отыр. Дәлірек айтқанда, өлке темір жолының елу жылдығы аталып өткен 1992 жылы сол кездегі бөлімше басшысы Амангелді Селбаевтың бастамасымен ашылған музей біраз жылдардан соң жабылып қалғаны да жасырын емес…

2019 жылы сол кездегі бөлімше басшысы Мағауия Оразқұлов өткеннің тағылымды тарихынан сабақ алмай, бүгінді жасау мүмкін емес деген бастама көтеріп, шашылған мұраларды қайта жинақтап, жаңа мағлұматтарды енгізіп, мұражайды қайта жабдықтатуға күш салды. Бүгінде Атырау магистральдық желі бөлімшесі ғимаратында орналасқан мұражай жергілікті теміржолшылардың мақтанышына айналған.

Мұнда не жоқ, көне вагон, цистерна, темір жол көпірі макеті өткен ғасырдың суреттерін көз алдыңызға әкеледі. Шыны әйнекті шкафтар ішінде ескі паровоз, тепловоздар макеттері сап түзейді. Байланыстың бастапқы кезін еске түсіретін радиостанциялар, коммутатор, телефон-телеграф аппараты, автодрезина, иінді кран, бұрма жабдығы макеттері де бар. Өлке теміржолының, бөлімше жұмысының әр жылдарынан сыр ақтаратын фотоальбомдар жасақталған. Ал енді бір бұрышта Социалистік Еңбек Ерлері Л.Шахатов пен Б.Кереевтің меншік заттары, жұмыс формалары қойылыпты. Барша атыраулықтардың мақтанышы болған даңқты тұлғалар.

Кешегі кеңес одағы кезінде бұл өлкеден үш бірдей Социалистік Еңбек Ері шыққанын көпшілік біле бермесе керек. Олар жоғарыда айтқан Л.Шахатов пен Б.Кереев, екеуі де атақты жол шеберлері болған. Ал үшіншісі А.Шүкіров – әзербайжан ұлтынан шыққан тепловоз машинисі.

Латип Озғанбайұлы Шахатов 1929 жылы Жылыой ауданы, Ұялы колхозында дүниеге келген. 15 жасынан еңбекке араласып, темір жолда жол жөндеуші болып жұмысын бастайды. Ұзақ жыл Мақат станциясында жол бригадирі, жол шебері, аға шебер қызметтерін абыроймен атқарады. Ерен еңбегімен ерекшеленіп 1966 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталып, 1971 жылы КСРО Құрметті теміржолшысы атанады. 1976 жылы темір жол саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін «Социалистік Еңбек Ері» атағы беріліп, Ленин ордені омырауына қоса тағылады. 1991 жыл ел тәуелсіздік алған соң, Қазақстанның Құрметті теміржолшысы атағы да беріледі. Бүгінде Мақаттағы №26 мектепке, Восточное ауылына, жол дистанциясындағы өндірістік телімге Еңбек Ерінің есімі берілген.

Сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас директорының орынбасары А.Исмухамбетовтің 2018 жылдың 17 тамызындағы №447 хаттамасымен Мақат локомотив пайдалану депосының №9269 тепловозына Латип Шахатовтың есімін беру жөнінде қаулы қабылданған. Бүгінде ұрпақтары түгел темір жол саласында еңбек етеді.

Бақай Кереев 1931 жылы Гурьев облысы, қазіргі Махамбет ауданы, Алға ауылында дүниеге келген. Гурьев жол дистанциясында бригадир, кейін дистанциядағы 13-айналымның жол мастері болып еңбек еткен. Жол жөндеу саласындағы ұзақ жылғы табысты еңбегі үшін Б.Кереев Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен марапатталып, Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған. Оның да ұрпақтары бүгінде Атырау магистральдық желі бөлімшесінде еңбек етуде.

Шүкіров Али Абдуллаоглы 1924 жылы Әзербайжанда дүниеге келген екен. Ұзақ жылдар Баку қаласындағы паровоз депосында тепловоз машинисі болған. Ауыр салмақты пойыздарды жүргізуде жанар-жағармай үнемдегені үшін ерекше көзге түскен. 1959 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын алған. 1967 жылы Маңғышлаққа келіп тепловоз машинисі болып, 1988 жылы зейнетке шыққанша еңбек еткен. Міне, мұражайда осындай ерен тұлғалар туралы мағлұмат кейінгі буын үшін тағылымды танымдық тәрбие көзі болары анық.

Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді