«Теміржолшылар күні» қайтарылса екен - ардагер

Темір жол тарихы
26.08.2022, 10:10
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстан темір жолына биыл ширек ғасыр толып отыр. Осы уақыт аралығында отандық темір жол көлігінің тарихын жасағандар үшін бұл – айтулы дата. Солардың бірі – атыраулық ардагер, Құрметті теміржолшы Гүлжан Бекқұлова.

 Теміржол саласында 44 жыл еңбек еткен ардагер 1991 жылы небәрі 33 жаста «Құрметті теміржолшы» атанған. Ол кезде Атырау темір жол бөлімшесінде кезекші болып қызмет атқаратын. Оған дейін Махамбет станциясында кезекші, сосын бөлімшеде пойыз диспетчері болды.  

– Ол жылдары бүгінгідей емес, пойыз өте көп болатын, Атырау – Ақсарай бағытында бір ауысымда 25 жұпқа дейін пойыз өтетін. Бұл дегеніңіз – өте тығыз жұмыс режимі. Пойыздардың бірін қабылдап, бірін жөнелтіп, сұрыптап отырудың өзі күш болатын. Жүк тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін темірдей тәртіп болды. Соған бағынып, қиындыққа шыдап жұмыс жасадық. Өз ісінің хас шеберлері ұстаздарым, тәлімгерлерім болды. Соларға қарап шыңдалып өстік. Бөлімшені Амангелді Селбаев басқарды. С.Кулчинов, Б.Насыров, Ә.Татишев, Ү.Сабиров, Е.Карпиков, тағы басқалар темір жолға өмірлерін арнаған еді. Ойлайтындары – тек жұмыс, қауіпсіздік. Таңнан түн жарымына дейін өндіріс басында жүреді, жұмыспен біте қайнасып кетеді. Ғ.Қадырова, Б.Дүйсенбаева, Г.Утаралиева, А.Кеуелов, С.Меркалиев, М.Бекбергенов, Қ.Тыныштықбаев, Қ.Шадияров сынды пойыз диспетчерлері нағыз теміржолшылар болды. Қай-қайсысы да Атырау темір жолына еңбегі сіңген майталмандар еді, – деп еске алады бүгінде зейнеттегі Гүлжан апа.  

Айтуынша, Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары теміржол дербестігін ала қойған жоқ. 70 жылдық алып жүйені әп-сәтте бұза салу да оңай болмағаны анық. Сыртқы-ішкі қатынас Одақпен тығыз байланысты болды. «Дербестігімізді 1997 жылы «Қазақстан темір жолы» РМК құрылғанда сезіне бастадық. Бірақ Одақ тараған соң жағдай бұрынғыдан да қиындай түсті.  

– Сол жылдары қалай күнелткенімізге әлі күнге таң қалам. Ақша жоқ, айлап-жылдап жалақы алмаймыз, бартермен анда-санда бірдеңе алып қоямыз, сынып жатқан локомотив вагондарға қосалқы бөлшек жоқ, жол жөндейтін материал жоқ... сондай қиын кезден де өттік қой, бүгінгі қиындықтар біздің көргеніміздің қасында түк емес, – дейді кейіпкеріміз.  

Зейнетке шыққан соң жергілікті теміржол колледжінің шақыруымен болашақ теміржолшыларға темір жол мамандығы бойынша дәріс берген Гүлжан Бекқұлова 25 жыл Қазақстан темір жолы үшін табысты болғанын айтады.  

– Еліміздің көлік әлеуетін дамытуда стратегиялық маңызға ие теміржол саласы шын мәнінде экономиканың күретамырына айналды. Шет елдермен байланыс жақсарды, жүк және жолаушы тасымалы, инфрақұрылым және көліктік логистиканы дамыту, өндіріске жаңа технологияларды, цифрландыруды енгізу қолға алынды. ҚТЖ-ның бүгіні мен кешегісін салыстыруға да келмейді. Қалай болған күнде де, осының бәрі – табысты жұмыс қорытындысы. Бір ғана өтінішім бар, теміржолшылардың төл мерекесін қайтарса екен үкімет. Өйткені, біздің алдымыздағы аға ұрпақ үшін де, біз үшін де, соңымыздан ерген кейінгі буын үшін де тамыздың алғашқы жексенбісі аталып өтетін «Теміржолшылар күні» деген дербес атаулы күннің маңызы зор, – дейді ардагер ана.  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды