Бір суреттің тарихы...

Темір жол тарихы
04.08.2023, 10:59
Меруерт Өмірзақова

Осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын, дәлірек айтсақ 58 жыл бұрын түсірілген бұл сурет ерекше қызығушылығымызды туғызды. Аса бағалы да құнды дүние тауып алғандай қуанып, таңданысымызды да жасыра алмадық...

Кәдімгі түлектер виньеткасы. Өткен ғасырдың ортасында түсірілген бұл суретте сол кездегі кеңестер одағы деген алып елдің астанасы Мәскеуде оқыған қазақ жастары бейнеленген. Әйтсе де, олар бертін келе Қазақ темір жолының қадау-қадау тұлғаларына айналған студенттер екені тарихи фотосуреттің бағасын арттыра түсетіні сөзсіз. Соғыстан кейін, 60-жылдары Мәскеудегі теміржол институтында (МИИТ) осыншама қазақ жастарының оқығаны, шынымызды айтсақ, таңданысымызды тудырды. Демек, сол кезде 18-24 жас аралығындағы бұл студент жастар соғыстың алдында немесе соғыс жылдары дүниеге келген ұрпақ болды ғой. Қыз-жігіті аралас алпысыншы жылдардың жастары бүгінгі құрдастармен салыстырғанда ересек көрінеді және бүгінгі жастарға қарағанда жүздерінен біртүрлі зиялылық сезілгендей ме, қалай...  

Әрине деп ойладық, бұлар тегін жастар емес, Қазақстанның әр өңірінен таңдап Мәскеуге оқуға жіберген Қазақ темір жолының үкілі үміттері болғаны анық. Олардың әрбірі өздеріне жүктелген миссияны, ел аманатын жақсы түсінген. Өз-өздеріне сенімді, білімге құштар бұл жастар күні ертең тауды бұзып, тасты жарып, Ұлы Қазақ темір жолының көсегесін көгертетін айтулы тұлғалар болып қалыптасатыны олардың парасат тұнған жүздерінде тұр. Көпшілігі жауапты, биік лауазымды қызмет атқарып, саланың ең мәртебелі марапаты «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болып, отандық теміржол саласының дамуы мен өркендеуіне өз қолтаңбаларымен ескерткіш қалдырғаны дау тудырмайды.  

Кеңестер одағында бір ғана ұлт пен ұлыс бар деген түсінік қалыптасқан заманда қылышынан қан тамған қызыл коммунистер қаһарынан жасқанбай оларға «Қазақ студенттері» деп жаздырған қандай күш? Сол жылдары Мәскеуде оқитын қазақ жастары құрған «Жас тұлпар» қозғалысы компартия тарапынан қандай қуғынға ұшырағаны тарихтан белгілі. Мүмкін мынау суреттегі жастардың ішінде де сол жас тұлпарға мүше болғандар бар шығар... Қиял шіркін бізді талай қиырларға жетелеп әкетті....  

Айта кетейік, бұл құнды фотосуретті бізге көрсеткен «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Бақытжан Қуанышевтың өзі де МИИТ түлегі.  

– Өткен ғасырдың 60-65 жылдары МИИТ-те білім алған қазақ жастары шын мәнінде бұдан да көп болған. Көбісі елге танымал белгілі тұлғалар, мықты мамандар болып қалыптасты. Мен білетін бірнеше мықты теміржолшы жоқ мұнда. Екі рет «Құрметті теміржолшы» атағын алған Қазақстандағы төрт адамның бірі – Мұқан Пірімбетов, Орман Шуданов пен Тойкен Қангереев те сол тұста Мәскеуде оқыды... – деп мәлімет берді техника ғылымдарының докторы, кезінде ҚазАТК ректоры болған белгілі теміржол көлігінің ардагері.  

Айтуынша, суреттің түпнұсқасын ҚТЖ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Болатбек Дүйсемәлиевтің жеке архивінен кездестіріп, дереу бірнеше көшірмесін жасатып алған. Бақытжан Мұханбетұлының рұқсатымен «ВСПОМИНАЯ МИИТ» (ALMA MATER) атты көлемді автобиографиялық еңбегімен таныса келе, кезінде МИИТ Қазақстан үшін расымен кадрлар ұстаханасы болғанына көз жеткіздік. Жоғарыдағы тізімді әрі қарай Шманов Марат, Айдарқұлов Қаражан, Күленова Фатима, Молдасалиев Болатбек, Аяпов Үмбет, Қалмұрзаев Мінуар, Көріспаев Қамбар, Базилов Қуаныш, Дүйсемалиев Болатбек, Бекжанов Кабдолда, Марат Жұмабаев, Досаев Бекболат, Күдербеков Мәлік, Алтаев Нұрлан, Жарылқағанов Мұрат, Үзенбаев Мейрамалы, Сағатов Әнуарбек, Байдаулетов Нұржан, Шоқанова Қарлығаш, Аманбаев Дүйсенбек, Ибраимбаев Жанат, Ұйқасбаев Алмас, Байтаев Серік, Жәкішев Ержан, Аспаева Зүбайда, Дәрібаев Шыңғыс, Аманшина Сәния... тағысын тағы танымал теміржолшылар тізімімен толықтыра беруге болады.  

Әрине, бұл студенттердің біразы кейін елге танымал азаматтар болғаны анық. Отандық теміржол көлігінде талай жыл тер төккен олардың көбі даңқты теміржолшылар династиясының өкілі болуы бек мүмкін, бүгінде ұлдары немесе немерелері әке жолын жалғап жүрген де болар. Алдағы уақытта олар туралы мәлімет жинап, сериялы мақалалар жариялауға тырысамыз.

 

Аймақтар
04.08.2026
Боранды бекеттің бас қақпасы
Аймақтар
04.08.2026
Ғасырлық тарихы бар вокзалдар жаңарды
Қауіпсіздік
04.08.2026
Қауіпсіздік сызығынан аттама...
Қауіпсіздік
04.08.2026
Жүргізушілерге жадынама таратты
ҚТЖ келбеті
04.08.2026
Үздік атанған үштік
Жаңалықтар
04.08.2026
Ерен еңбектері еленді
Жаңалықтар
04.08.2026
Астана станциясының теміржол өткелінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Жаңалықтар
04.08.2026
«Жүк тасымалының» жетістігі
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі мереке, лайықты марапат
Аймақтар
04.08.2026
Құрмет төрінде – теміржолшылар
Аймақтар
04.08.2026
Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
«Ахау Семей» шырқалған күн...
Аймақтар
04.08.2026
Мерейлі марапат
Аймақтар
04.08.2026
Маңғыстауда үздік теміржолшылар төсбелгілермен марапатталды
Аймақтар
04.08.2026
Сарышағанда «Теміржол саябағы» ашылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Теміржолшылардың мерекелік демалысы
Спорт
04.08.2026
Арыстықтар – ауыспалы кубок иегері
Инфрақұрылым
04.08.2026
Бақты-Аягөз теміржол желісінің құрылысында жер төсемін тәуліктік төгу рекорды орнатылды
Жаңалықтар
04.08.2026
Нұрлы жол вокзалында ғимаратты салқындату бойынша қосымша шаралар қабылданады
Жаңалықтар / Мұрағат
04.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №60-61 04 тамыз 2026 жыл