Аманат арқалаған ана

Темір жол тарихы
24.11.2023, 10:30
Меруерт Өмірзақова

Өткен ғасырдың басында Петербург жол қатынастары институтында жоғары білім алған инженер, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы Мұхаметжан Тынышпаевтың жиен қарындасы Нұршакен Жүнісқызы арқалаған аманат жүгі жеңіл болмағаны анық.

20 қараша күні 80 жасқа толған кейіпкеріміз 2000-2009 жылдары Алматыдағы теміржолшылардың орталық мұражайында еңбек етті. Ұзақ жылдардан бері архив ақтарып, репрессияға ұшырағандар туралы мәлімет жинап жүрген жан үшін бұл жұмыс өте қызықты еді. 1998 жылы М.Тынышпаев атында қор құрып, жұмысын жүргізе бастаған.  

– Менің анам Айса – Мұхаметжан Тынышпаевтың қарындасы. Бала кезімнен анамның ағасы туралы айтқан естеліктерін тыңдап өстік. Әсіресе Түрксіб темір жолы салынып біткен соң түнделетіп Талдықорғанның Лепсі ауданында тау арасында отырған туған ауылына атпен суыт келгенін анам көп айтатын. Бұл туралы еш жерде жазылмаған. Әдеттегідей ағасы келгенде болатын той-томалақ жоқ, жалғыз өзі асығыс келіп, асығыс кеткен бұл сапардың ауырлығын ойын баласы анам да сезіпті. Түнделетіп әудем жерге дейін шығарып салған ет жақындарымен құшақтасып қоштасып, тірі болсақ қауышармыз, болмаса пайғамбардың ақ туының астында жолығармыз деп аттаныпты. Көп ұзамай халық жауы ретінде ұсталып кетті. Айдау мен азапты өмір титығына жетіп, Ташкент түрмесінде көз жұмған. Қайсыбір жылы Өзбекстанның астанасына барып Тынышпаев жатқан түрме мен лазеретке дейін тауып, бірталай дерек жинап қайттым, – дейді Нұршакен апа.  

Мұражай қызметкері ретінде Түрксіб темір жолы құрылысы және Алашорда тарихына арналған «Отыз жетінші жылдың қырғыны», «Тәуелсіздіктің алтын бесігі – Алашорда» стендтерінің жасақталуына атсалысты. Ал тұңғыш қазақ теміржолшы-инженер М.Тынышпаевқа арналған барлық іс-шаралардың бастамашысы болды. Алматы және Астана қалаларында Алаш қайраткерінің атына көше берілуіне, Алматы көлік академиясы мен Талдықорғандағы Тынышпаев музейінде халықаралық конференция өткізіп, деректі фильмнің жарыққа шығуына тікелей мұрындық болды. Бәрінен бұрын 90-жылдардың соңында Татарстанның астанасы Уфада тұратын М.Тынышпаевтың ұлы Дәулет Шейх-Алидың елге оралып, ағайынмен қауышуына Нұршакен Жүнісқызының қосқан үлесі үшан-теңіз. Техника ғылымдарының докторы Дәулет Мұхаметжанұлының әкесіне қатысты деректер, құжаттар мен фотосуреттерді топтастырып шығарған кітабы тынышпаевтануға қосылған құнды еңбек деп бағаланды. Ал өткен жылы Алматы әкімдігінің қолдауымен жарыққа шыққан Тынышпаев туралы деректі фильм Алматы көлік академиясы мен КУПС-та, ҚТЖ-да аншлагпен өткені белгілі.  

– Менің бұл өмірге келгендегі миссиям анамның аманатын орындау секілді, шүкір, бүгінде Тынышпаев есімі тарихтан лайықты бағасын алды, іздеусіз-сұраусыз кетті деп жылайтын анам туған жерінде бауырының алып ескерткіші бой көтергенін көрсе, қалай қуанар еді, – дейді кейіпкеріміз. Сексен жасқа келсе де тың ардагер ана бүгінде Тынышпаевтың зерттеу еңбегінің жалғасы ретінде шежірені дамытумен айналысуда.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн