Соғыс тылда да болды...

Темір жол тарихы
08.05.2020, 13:10
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Гурьев-Астрахань теміржолын салуға қатысқан Мария әжейдің бала күнінен көргені бейнет десек артық айтқандық болмас, себебі ол бала болып ойнап та көрмепті, жүрегі жарыла қуанғаны да есінде жоқ. Есінде қалғаны - таңнан қара кешке дейін жұмыс істегені. Соғысқа дейін де көп балалы отбасы аштық пен жалаңаштықта өсті. Ал, соғыс басталған тұста қаршадай Мария қара жұмысқа жегілді.

Бочкарева Мария Романовна 1925 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданында (қазіргі Ганюшкино) балықшының отбасында дүниеге келген. Төрт кластық білімі болды. Отбасында адам көп болғаны есінде, 10 жасынан сиыр сауады, 11 жасында үйге жейтін бірдеңе алып келу үшін көрші-қолаңның балаларын бағады, 12 жасында сельсоветте еден жуушы болады.

1942 жылы Мария Гурьев-Астрахань темір жолын салуға жіберіледі. Соғыстың ең бір күрделі кезінде басталған бұл құрылыстың маңызы зор болғанымен, ондағы жұмысшылардың көрген азабы адам айтып жеткізе алмас сұмдық еді. 1942 жылдың жазында неміс әскерлері Еділ өзені бойына бекініс жасап, Сталинград (қазіргі Волгоград) қаласын қоршауға алып, Мәскеу мен Солтүстік Кавказға теміржол қатынасын тоқтатуға күш салды. Майданға қаружарақ пен азық-түлік толассыз жеткізіліп тұруы керек. Немістер соны болдырмауға тырысты. Осындай ауыр жағдайда майданға тура қатынасты жақындату үшін мұнай мен азықтүліктің қоймасы саналған Атыраудан Ақсарайға дейін шұғыл түрде теміржол қатынасын жасау керек болды. Ол кезде елді Қорғаныс комитеті басқарды, барлық қозғалыс соғыс жағдайында, сот үкімін тосатын уақыт жоқ. Берілген бұйрыққа қарсы болғандар атылады, айдалады, түрмеге тығады.

Атырау-Ақсарай теміржолын стратегиялық маңызы жоғары еді. Ақтөбеден бермен қарай тартылған қостабан жол Ақсарайға жетіп, Астрахан-Саратов аралығындағы Приволжье теміржолына қосылуы керек. Ондай жағдайда Солтүстік Кавказға, әсіресе Әзірбайжанның мұнайын тезірек жеткізуге мүмкіндік туады. Сондықтан 1942 жылдың қыркүйек айынан бастап, 1943 жылдың қаңтарына дейін алапат қимыл жағдайында Атырау-Ақсарай арасындағы 300-дей шақырымға созылатын теміржол табанын төсеу керек болды. Оған 15-17 жас арасындағы ұл мен қыз жасөспірімдер, 45 жасқа дейінгі әйелдер қатаң тәртіппен қатыстырылды. Солардың ішінде 17 жасар Мария да бар еді.

– 1942 жылдың қараша-желтоқсан айларының қысы адам төзгісіз суық болды, аяз қатты, жерде қар қалың. Аштық, жалаңаштық. Шатырда, жертөледе тұрып жұмыс істедік, адамдар үсіді, ауырды, шыдамағаны өліп те жатты. Бірақ жұмыс тоқтаған жоқ, жан алып, жан беріп жұмыс істедік. Қару ұстамадық демесек, соғыс тылда да болды. Күндік норма – үш шаршы метр жердің топырағын бір метр тереңдікте қазып, теміржол төселетін биікке апарып төгу. Қалай етсең – олай ет, күндік норма орындалуы керек. 1943 жылдың ақпанында Сталинград қаласы жаудан тазартылды деген хабар келді. Теміржол құрылысының уақытша қажеттілігі жоқ делініп, тірі қалған адамдарды үйлеріне қайтуға ықтияр етті», – деп еске алады Мария әжей.

Арып-ашып, өлімші халде туған селосына келген Мария демалыпта үлгерместен, «Коммунизм жолы» колхозына жұмысқа жіберіледі. Біраз уақыттардан соң, «соғыстағы солдаттарға балық керек» деп мұны бригадамен бірге теңізге балық аулауға жібереді. Теңізде өлім жаныңда жүреді, өйткені толқын соққанда қайда ұшырып жібергенін білмей қаласың, теңіздің түбінен бір-ақ шығуың мүмкін. Сондай өмір мен өлім арпалысқан жағдайда тағы бірнеше жыл өтеді. Бір ағасы Манчжурияда соғыста өледі, бір ағасы соғыста із-түзсіз жоғалады. Әкесі Роман теңізден балық аулау кезінде суық тигізіп, содан оңалмайды. Жеңіс күніне үйде тек анасы мен сіңлісі үшеуі ғана жетеді.

Соғыстан кейінгі жылдары аспаз болып жұмыс істеп, шеберлігінің арқасында жүн-жұртқадан одеял басып сатып, отбасын асырайды, нәпақа тауып, жан бағыпты. Тұрмыс құрып, Людмила және Нина атты екі қызды болады. Бүгінде олардан 7 немере, 5 шөбере, тіпті 2 шөпшек сүйіп отыр. 70-ші жылдары Гурьевке көшіп келіп, Гурьев вагон жөндеу депосында слесарь болып жұмыс жасап, содан зейнеткерлікке шығады. «Еңбек майданындағы екпінді еңбегі үшін», басқа да марапаттардың иегері биыл 96 жасқа аяқ басты.

ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Сыйластықпен өрілген өмір
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
Станция кезекшісі
Аймақтар
01.05.2026
Көктемгі байқау – жазға дайындық
Аймақтар
01.05.2026
Сауатты әрекет етті
ҚТЖ келбеті
01.05.2026
«Үздік маман» атану оңай емес
Қауіпсіздік
01.05.2026
Еңбекті қорғау күні атап өтілді
Қауіпсіздік
01.05.2026
Қауіпті аймақтың қатаң талаптары
Жаңалықтар
01.05.2026
«Кедентранссервис» АҚ мамандары ISO халықаралық стандарттары бойынша біліктілігін арттырды
Аймақтар
01.05.2026
Адам өмірі бәрінен қымбат
Аймақтар
01.05.2026
Білім сайысында бақ сынасты
Спорт
01.05.2026
«Толағай» – отбасылық сайыс
Қауіпсіздік
01.05.2026
Тілсіз жауға тосқауыл
Жолаушылар тасымалы
01.05.2026
Пойыздағы 25 күн: Қазақстанның барлық өңірін аралаған саяхатшы
Жаңалықтар / Мұрағат
01.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №34-35 01 мамыр 2026 жыл
Әлемде
30.04.2026
Siemens Mobility Румыния үшін сутегімен жүретін пойыз жасайды
Аймақтар / Қауіпсіздік
30.04.2026
Практикалық семинар: «Менің идеалды жұмыс ортам»
Аймақтар
30.04.2026
Қауіпсіздік – қанмен жазылған қағида
Аймақтар
30.04.2026
Атырау дистанциясында еңбекті қорғауға арналған семинар өтті
Жолаушылар тасымалы
30.04.2026
ҚТЖ теміржол көлігімен жолда жүру ережелерін еске салды
Қауіпсіздік
29.04.2026
Еңбекті қорғауда ешқандай қысымға жол жоқ
MyQaz.kz