Қазақ қыздары арасынан алғаш локомотив жүргізгендердің бірі - Ақын Дарханбаева

Темір жол тарихы
20.09.2021, 10:28
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақын Дарқанбаева – қазақ қыздары арасынан шыққан санаулы машинистің бірі. Ақтөбелік ардагер теміржолшы Александр Алпысбаев аймақта локомотив тізгіндеген жалғыз қазақ қызы туралы айтып берді. «Қазақстан темір жолы тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалатын тұлға Ақын Дарқанбаеваның аты, өкінішке орай, ұмытылып барады. Қазақ теміржолы тарихында өшпес із қалдырған, қазақтың тұңғыш машинист, орденді қызының есімін ұлықтау – бүгіні жас буынның парызы», – дейді Ақтөбе локомотив пайдалану депосының ардагерлер кеңесінің төрағасы Александр Алпысбаев. Сонымен, қазақ қыздарының арасынан шыққан машинист қыз кім еді? 1925 жылы Ойыл ауданының №5 шаруа ауылында теміржолшы Дарқанбай Ниязалиннің отбасында дүниеге келген қыздың еңбек жолы 1942 жылы Никельтау жол дистанциясында 17 жасында басталыпты. Әкесі 1940 жылдары Никельтау станциясына көшіп келіп, сол жылдары салынып жатқан «Орск-Никельтау» теміржолының құрылысын салуға атсалысады. Ол үш жылдай жолшы болып, бел шешпей ауыр қара жұмыста еңбек еткен Ақын қыз жеңістен соң елге оралған жауынгер Жұма Аймағанбетов есімді азаматпен бас қосып, Шалқар станциясына көшеді. Сондағы паровоз депосына жұмысқа орналасып, слесарь мамандығын игереді. Қайсар қыз 1952 жылы Қазалы техникалық мектебіне барып, паровоз машинисінің көмекшісін даярлайтын курсты бітіріп, Шалқар локомотив депосында паровоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істейді. 1959 жылы Қарағанды қаласындағы тепловоз машинистерін даярлайтын курсты бітіргесін бірінші класты тепловоз машинисінің көмекшісі деген атақ беріледі. Сөйтіп, өңірде алғашқылар қатарында тепловоз тізгініне отырған қазақ қызы еңбек жолын Ақтөбе локомотив депосында жалғастырды. Бірінші класты тепловоз машинисінің көмекшісі болып, одан кейін маневр тепловозының машинисі болып зейнет демалысына шыққанға дейін еңбек етеді. КСРО Жоғары Кеңесінің жарлығымен Ақын Дарқанбаева 1960 жылы 7 наурызда ең жоғарғы үкімет наградасы – Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Түрлі дәрежелі Құрмет грамоталары мен медальдардың иегері атанды. 1994 жылы желтоқсан айында 69 жасында өмірден өтті.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты