Қызылордалық тепловоз машинистері 44 рет пойызды тоқтатуға мәжбүр болған

Аймақтар
15.07.2022, 11:19
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Жылдың алғашқы жартысында қызылордалық тепловоз машинистері жол бойында иесіз мал мен бейсауыт жүрген адамдардың кесірінен 44 рет шұғыл тежегіш басып пойызды тоқтатуға мәжбүр болған.

Өткен жартыжылдықта шұғыл тежеу 86 рет орын алғанын ескерсек, жағдай біршама тұрақталған секілді көрінгенімен, пойыздар қозғалысына төнетін қауіп сейілмей тұр. Ал шығын шаш-етектен... Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Бақытбек Сәрсенов қауіптің алдын алу шаралары үздіксіз жүргізілгенімен жол жағалап жүрген бейсауыт адам мен иесіз жайылған малға тоқтам болмай отырғанын айтады.

– Мәселен, биылдыққа өткізілген 176 профилактикалық жұмыс – 128 рет Қызылордада, 22 рет Қазалыда, 26 мәрте Сексеуілде ұйымдастырылып, 7763 адамды қамтыған. Халыққа теміржолдың қауіпті аймақ екенін айтып түсіндіруден кенде емеспіз. Мал ұстайтын 9944 тұрғынға жолға жақын маңда мал жаю ережелері түсіндіріліп, ҚР Кодексі 439-бабының 1-5 тармақтарынан 7799 адамға көшірме таратылды. Оқу орындарында 11736 адам қатыстырылған 161 түсіндіру жиыны өткізілген. Желілік ішкі істер бөлімі мен ӘТЖК қызметкерлерімен бірге 100 рет рейд тағы ұйымдастырылды. Бөлімше бойынша 85,5 шақырым жол бойының қоршауын күшейту жұмыстары жасалуда. Дегенмен осыншама жұмыстан оңды нәтиже болмай тұр, – деді қауіпсіздік бөлімінің басшысы.

Қызылорда локомотив пайдалану депосының заңгері Марлен Ермекбаев малы пойызға басылған жергілікті тұрғынның әлі күнге келтірілген шығынды өтеп келе жатқанын айтады. 

– 2019 жылдың 19 маусымында түнгі уақытта Еңбекшіказақ-Майлыбас аралығында ТЭ33А сериялы №0271 тепловозының ірі қара мал басу дерегі орын алған. Қызылорда локомотив пайдалану депосының машинисі М.Эсонов пен оның көмекшісі Т.Ахметуллаев №365 «Ташкент-Челябинск» жолаушылар пойызын басқарып келе жатқан. Шұғыл тежегішті іске қосып, тепловозды оқыс тоқтатуға тырысқанымен түйені басудың алдын алу мүмкін болмаған. Тепловозды қарау актісіне сәйкес соқтығы- су салдарынан локомотив кабинасының алдыңғы жағы майысып, сыртқы қаптамасы сынып, едәуір материалдық шығын келтірілгені анықталған. Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің анықтамасына сәйкес тепловоз кабинасының алдыңғы қаптамасының бағасы қосымша құн салығымен есептегенде 1 293 316 (бір миллион екі жүз тоқсан үш мың үш жүз он алты) теңгені құраған. Келтірілген материалдық шығынды өндіру үшін Қазалы аудандық сотына талап-арыз беріліп, заңды күшіне енген сот шешімі арқылы борышкер- ден осы сомаға 38 799,50 теңге мемлекеттік баж салығы қосылып, барлығы 1 332 116 (бір миллион үш жүз отыз екі мың бір жүз он алты) теңге өндіруге шешім шығарылған, – дейді депо заңгері Марлен Ермекбаев. 

Мал иесі Қазалы ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны Бегімғали Сәрсенбаев ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 559- бабы 1-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылып, осы шығынды төлеуде екен. Малы пойызға басылып борышкер болған азамат қазір жұмыссыз екенін, материалдық шығынды төлеуге жағдайы бірде жетсе, бірде жетпейтінін айтады. 

– Түйе деген ебедейсіздеу қозғалатын, сүйкенген нәрсесін қиратып кететін жануар ғой. Бар малым осы жалғыз түйе еді, келеге қосылмай жеке жайылатын. Ақыры пойыз басып кетті. Теміржолдың бұрынғы қоршаулары түйенің сирағынан да келмейтін, ірі қаралар жапырып жүре беретін. Қазір ғой қоршауларды биіктетіп жасайтын болыпты, – дейді Бегімғали. – Қоршау мал үзіп кете алмайтын қалыңдықта, кемі 3-4 қатар жүргізіліп, берік орнатылған бағаналарға темір тікенек сыммен қосымша байланады. Биіктігінен ірі қара мал өте алмайтындай болуы керек. Ал қоршаулар- дың кем-кетігін жаңалау, жаңадан тұрғызу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді, – дейді Қызылорда жол дистанциясының техникалық бөлім инженері Ахметқали Елеусінов. 

Иә, қазақтың күнкөрісі – мал, жылдан жылға жайылым тарылып, төрт түлік баяғыдай еркін жайлайтын да жер жоқ. Қысы-жазы малын бағып отыратын шаруа ма? Сондықтан бетімен жайылған мал темір жолды жағалап пойыз астына түсіп қалу оқиғалары қай жерде де кездеседі. Нәтижесінде теміржолға да, мал иесіне де шаш-етек шығын екені жасырын емес. Ішпей-жемей ақ-адал малынан бір айрылып, қыруар қаржы айыппұл төлеп тағы шығынға батып отырған қазалылық тұрғынның кебін кимес үшін бұл мәселеге нүкте қоятын бір амалын қарастыратын кез жеткен сияқты.

Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Жазда пойызбен қайда баруға болады: Қазақстан бойынша танымал бағыттар
Жолаушылар тасымалы
25.05.2026
Биыл 28 мыңнан астам жолаушы «Күту парағы» арқылы билет рәсімдеді
Жаңалықтар
25.05.2026
Қазақстан Калифорнияда Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін таныстырды
Әлемде
25.05.2026
Пәкістанда жолаушылар пойызы жарылып, 20 адам қаза тапты
Жаңалықтар
23.05.2026
ҚТЖ орталық аппараты қызметкерлеріне жолды жаңғыртудың заманауи технологиялары көрсетілді
Инфрақұрылым
23.05.2026
«Курорт-Бурабай» вокзалы маусым айында пайдалануға беріледі
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен Өзбекстан теміржолшылары тасымалдар мен порт инфрақұрылымын дамыту жайын талқылады
Жаңалықтар
22.05.2026
Қазақстан мен ЕО Транскаспий дәлізін дамыту мәселелерін талқылады
Жүк тасымалы
22.05.2026
Қытай мен Ауғанстан арасында Түрікменстан арқылы өтетін жаңа логистикалық бағыт іске қосылды
Аймақтар
22.05.2026
Семей теміржолында кешенді жұмыс қарқын алды
Аймақтар
22.05.2026
Жаз маусымына дайындық бағаланды
Аймақтар
22.05.2026
Ардагерлер кеңесі өтті
Инфрақұрылым
22.05.2026
Ақтөбе вокзалында жолаушыларға барлық жағдай жасалады
Аймақтар
22.05.2026
Ардагер Нұрғали Төлеповке ескерткіш тақта орнатылды
Жаңалықтар / Мұрағат
22.05.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №39 22 мамыр 2026 жыл
ҚТЖ келбеті
21.05.2026
Жол үстіндегі жиырма жыл
Әлемде
21.05.2026
Бішкектен Ыстықкөл жағалауына дейінгі пойыз маусым айында іске қосылады
Жүк тасымалы
21.05.2026
Қазақстанда контейнерлік тасымал көлемі артып келеді
Аймақтар
20.05.2026
Қызылорда облысының әкімі Шиелі вокзалының құрылысымен танысты
Әлемде
20.05.2026
Ханчжоу метросы үшін автоматтандырылған пойыз таныстырылды