Теміржолшы әулетінің үшінші буыны

Аймақтар
14.12.2023, 11:46
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті Нұрзат Қартаңбайды облыстық Шәкәрім оқуларынан кездестірдім. Қара өлеңнің оқу мәнерін тапқан, қоңыр даусының бояуы ерекше жасқа сүйсініп, әңгімеге тарттым.

Өнерден құралақан емес екені көрініп тұр. Бірақ болашақ таңдауы теміржол мамандығына түсіпті. Студенттер арасында топ жарып, жеңіске жеткен жас өреннен мұның сырын, яғни теміржол саласын неге таңдағанын сұрадым.  

– Теміржолшы – біздің атакәсібімізге айналған кәсіп. Одан бас тартуға бола ма?! Мысалы менің нағашы атам Қалпақбай Сүйесенов – еңбек жолын кешегі кеңес үкіметі тұсында бастаған, бүгінде Шығанақ станциясының басшысы, келесі жылы теміржолдағы еңбек жолына 43 жыл толады, ата-анам да нағыз теміржолшылар, ағам Бекзат, мен – үшінші буынбыз, – деді Нұрзат мақтанышпен.

Шығанақ – Балқаш көлінің жағасындағы станция. Елді мекенде 800-ге жуық отбасы тұрады. Негізгі табыс көзі – балық шаруашылығы мен теміржол. Сондықтан жергілікті халық арасында су жағалаған мен жол жағалағанның өзегі талмайды деген мәтел бар.  

Жанар Қалпақбайқызы да әке жүрген соқпақты жалғап, теміржол саласында жұмыс істеуге келгенде уыздай жас қыз екен. Теміржолдың қос рельсі оның еңбек және өмір жолы болып қатар өріліпті. Өмірлік серігін де осында кездестірген. Өзі Шығанақ станциясында кассир, күйеуі Нұрлан Шуанов Бурылбайтал станциясында кезекші болып еңбек ететін ерлі-зайыпты тәрбиелеп өсірген ұлдары да ата-ана жолын жалғап, теміржол саласын таңдады. Бекзат Жамбыл теміржол колледжін бітіріп, бүгінде Шу жол дистанциясында жұмыс істейді. «Мен де теміржолшылар әулеті деген атқа кір келтірмей, адал еңбек ететін боламын», – деп ой бөлісті әулеттің үшінші буынының өкілі, бүгінгі студент, ертеңгі теміржолшы Нұрзат.    

Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды