Қарағанөзек станциясында теміржолдан өту ережесін бұзған 20-ға жуық адам анықталды

Аймақтар
16.06.2026, 18:58
Оқуға 2 мин

Қарағанды өңірінде Қарағанөзек станциясында Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Тоқта! Соқтығысулар!» профилактикалық акциясы болып өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс – шараны «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы әскерилендірілген теміржол күзеті және Көліктегі полиция желілік бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты – жарақаттанудың алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру.

Қарағанөзек станциясы бұрын тіркелген жарақат жағдайлары мен вандализм фактілеріне байланысты ерекше бақылауда. Жаяу жүргіншілер көпірінің болуына қарамастан, жеке азаматтар тек теміржол қызметкерлеріне арналған қызметтік өткел арқылы теміржол өткелдерін кесіп өтуді жалғастыруда.

Рейдтік іс-шаралар барысында бір күнде 20 жуық бұзушылық анықталды. Барлығымен қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша профилактикалық әңгімелер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Акция аясында биыл Қарағанды өңірі бойынша 1394 адам қамтылған 105 кездесу мен жиналыс өткізілді, теміржол өткелдерінде және жолдар бойында 65 рейд ұйымдастырылды. Қауіпсіздік мәселелері бойынша 1002 автокөлік жүргізушісі нұсқаулықтан өтті.

Темір жолға жануарлардың шығуын болдырмау үшін мал иелеріне ҚР ӘҚБК-ден 2724 үзінді көшірмесі табыс етілді, 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жергілікті атқарушы органдарға қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау үшін 70 ресми хат жолданды.

ҚТЖ теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіздік ережелері мен заңнама талаптарын сақтау «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігі және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті шарты болып табылатынын еске салады.

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті