Теміржолдың төл тарихын жасағандар

Аймақтар
06.10.2026, 09:05
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Жуырда Семей теміржолында салалық қызметте ұзақ жылдар бойы еселі еңбек еткен ардагерлердің басын қосқан алқалы жиын болып өтті. Бөлімшедегі ардагерлер ұйымы ұйытқы болған, кәсіподақ қолдау көрсеткен «Атам-әжем – асыл қазынам!» атты шараға желі бойындағы барлық зейнет жасындағы қариялар жиналды.

Жиынның беташар рәсімінде бөлімше басшылығы, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей өңірі бойынша өкілі Есен Қажығұлов сөз алып, ардагерлерді өткен Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Олардың көпжылдық адал еңбектері үшін алғыс айтты. Сонымен қатар салалық кәсіподақ ардагерлеріне «Кәсіподақ қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.  

Өз кезегінде ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы теміржолдағы барша еңбеккерлердің мүдделеріне қатысты мәселелерді шешуде кәсіподақ қызметін жоғары бағалады. Ал «Бағыт» теміржолшы әйелдер ұйымының төрайымы, ардагерлер ұйымының белсендісі Нағима Мойынбаева өз сөзінде алдағы уақытта ардагерлер қауымы ұлттық салт-дәстүр мен өнерді насихаттауға ерекше ден қойып отырғанын жеткізді.  

Құттықтау лебіздерден кейін ардагерлердің өнерпаз ұл-қыздарына кезек беріліп, ән мен жырдан шашу шашылды. Мерекелік көңіл күйдегі басқосу барысында ардагерлер қауымына арналып ретро әндер көптеп шырқалды. Олар Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шарадан ерекше әсермен қайтты.  

Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі