Қауіпті де қатерлі аймақ

Аймақтар
14.02.2019, 16:53

Теміржол қашаннан қауіпті аймақ болып саналады. Мыңдаған тонна жүк тиеп, жолаушы алып жүйткіп келе жатқан пойыздың жолына көлденең келген жанды да, жансыз да аждаһаның аузына жұтылғандай күй кешері сөзсіз. 

Мұндай оқиғалардың соңы көбіне қайғылы жағдаймен аяқталары айтпаса да түсінікті. Күтпеген жерден шойын жолда пайда болған мал мен жанды басып кетпес үшін машинист жедел тежегішті іске қосқанымен, дер кезінде тоқтата алмасы анық. Жедел тежегішті қосқандағы толық тоқтау жолы 500-ден 900 метр аралығын құрайды.  

Өткен жылдың статистикасына жүгінсек, Қазақстан бойынша 19 қайғылы жағдай орын алып, оның ішінде жеті оқиға 8-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге қатысты болған. Соңғы кезде, өкінішке орай, адамдардың өзін-өзі өлтіру деректері көбейіп барады, ол үшін пойыз жолды таңдайтындар аз кездеспейді. Адам өз-өзіне қол жұмсап, пойызға түсер алдында оны басқан машинистің де өмір бойы психологиялық күйзелісте болатынын ескермейтіні өкінішті.

«Әр адам өз өміріне өзі жауапты. Сондай-ақ тұрғындар жайылымда жүрген малына ие болса, әсіресе, шағын станциялар мен айырықтарда тұратын адамдар, көлік жүргізушілері жолда көлікті мұқият жүргізсе, кез келген оқиғаның алдын алуға болады. Темір жол бойындағы титтей қателіктің соңы орны толмас өкінішке айналып кетпесін десек, өмірімізге, айналамыздағыларға асқан жауапкершілікпен қарағанымыз дұрыс. Ата-ана, мектеп мұғалімдері теміржолдың бойы ойын алаңы емес екенін балаларға әрдайым түсіндіріп отыруы қажет. Мектептерде осы орайда жол қауіпсіздігі тақырыбына арналған тәрбие сағаттары, семинарлар өткізілуі керек», – дейді Түркістан станциясының еңбек қорғау инженері Ләззат Рысбаева.

Еңбек қорғау инженерінің айтуынша, темір жол бойына кездейсоқ зат тастауға және белгіленбеген жерден өтуге қатаң тыйым салынатыны, малды шойын жолдан 200 метрге дейін тек арқандап жаюға болатыны, т.т. талапты орындамай, темір жол қауіпсіздігіне қасақана қауіп төндіргендер қылмыстық жауапқа тартылатыны сынды ережелер теміржолшылар тарапынан ұдайы ескертіліп отырады. «Адамдардан талап ететініміз, тек қауіпсіздік. Темір жол өткелдерінен өтерде жол ережесін қатаң сақтап, өзінің де, өзгенің де өміріне қауіп-қатер әкелмей, тек белгіленген жерден ғана өту қажет және жолдан өтер алдында келе жатқан пойыздың жоқтығына әбден көз жеткізіп алған абзал екенін ескертеміз. Оның түк те қиындығы жоқ, ендеше осы қарапайым қағиданы сақтауға неге құлықсызбыз?» дейді еңбек қорғау инженері.

Жансая Сыдықбай, Түркістан облысы  

Суретті түсірген автор


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды