Байланыс саласына арналады

Аймақтар
22.02.2019, 16:47

 Қазақстан теміржолының автоматика, телемеханика және байланыс саласының тарихын түгендеп, «шежіресін» шертетін жаңа кітап дүниеге келді. 2000 дана тиражбен тараған басылым «Қазақстан темір жолындағы автоматика, телемеханика және байланыстың дамуы» деп аталады.  

 Кітап – темір жол автоматикасы, телемеханикасы, желілік және байланысқа қатысы бар мамандарға, ғылыми қызметкерлерге, оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне, сонымен қатар Қазақстан темір жол көлігінің даму тарихына қызығушылық танытушы барлық оқырмандарға арналған. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген кітап авторлары – белгілі теміржол ардагері, экономика ғылымдарының докторы Нығметжан Есенғарин мен тағы бір тәжірибелі теміржолшы Қанат Сүйіндіков.

         Авторлардың бірінің айтуынша, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шыққан тұста бұл кітаптың да жарық көруі тегін емес. Өйткені, рухани жаңғыру тек өнер мен мәдениетте ғана емес, теміржол сынды өндірістік салаларда да болуы керек.

– Кітап еліміздің темір жолындағы белгі беру, байланыс шаруашылығының қалыптасуы және даму тарихына арналған. Онда темір жол автоматикасы, телемеханикасы, байланыс құрылғыларының құрылысы, енгізу кезеңдері мен пайдалануды ұйымдастыру мәселесі туралы және олардың даму барысы айтылады. Сонымен қатар басылымда аталған қызметтерді атқаруда басшылық еткен азаматтардың да аты аталып, әр кезеңде дистанцияларда саланы дамытуға атсалысқан мамандар жайында мәліметтер беріледі, – дейді Қанат Әнуарбекұлы.

– Аталған еңбекте ел теміржолындағы 36 ШЧ мекемесінің тарихымен қатар Қазақ темір жолы, одан кейін құрылған Алматы, Тың және Батыс Қазақстан темір жолдарының тарихы және Автоматика, телемеханика және телекоммуникациялар департаментінің кезеңдік жұмыстары жан-жақты қамтылған. 80 жылдан астам тарихы бар саланың барлық кезеңдері мен қырларын түгел қамтыған басылымның теміржолдағы ұрпақтар сабақтастығын көрсетіп, өткенге алғыс білдіре отырып, бүгінгі компания қызметкерлерінің корпоративтік рухын тәрбиелеуде маңызы зор.

Кітаптың тағы бір ерекшелігі – онда байланыс саласындағы құрылғылардың даму кезеңдері толық сипатталады. Пойыздар жіберуде басында телефон арқылы басталған жұмыстар кейін жартылай автоблокировка, толық автоблокировкалау, ДЦ, ЭЦ, микропроцессорлық орталықтандыру жүйесі болып даму процестері көрсетіледі.

Ұлан ОРАЗ

Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК


Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды