Қосымша жолдар пайдалануға берілді

Аймақтар
26.02.2019, 10:54

Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі өткен жылды табысты аяқтады. Атап айтқанда, қозғалыс қауіпсіздігі, шығындар бюджетін орындау, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік техникасын және еңбек қорғау шарттары мен тәртібін сақтау бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді.  

Пайдалану көрсеткіштерінің алтауы ғана мәреге жетпеді, олар: жүк вагонының орта тәулiктегi өнімділігі, бос вагондардың тиелген вагондарға қатынасы, жүк вагонының орта тәуліктік жүрісі, жүк вагонының айналымы, бір техникалық станцияда транзиттік вагонның бос тұруы және учаскелiк жылдамдық.

 Жүк айналымы жоспар бойынша 9 млрд 423 млн ткм нетто болса, іс жүзінде 9 млрд 453 млн 8 мың ткм неттоны құрап, 100 % орындалды. Өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда жүк айналымы 110% орындалған.

 Жүк вагонының орта тәулiктегi өнімділігі жоспар бойынша 5 мың 984 ткм нетто болса, іс жүзінде 5 мың 631 ткм нетто немесе 94% орындалды, ал өткен жылмен салыстырғанда орындалуы 92%-ды құраған.

Мұның себебі, Өзбекстанның «УТЙ» АҚ Сарыағаш түйіспесінен пойыздарды уақытылы алып кетпеу салдарынан 2 219 пойыз (116 081 вагон) тасталып, жұмыс паркі осы жылға орта тәулікте 286 вагонға, ал өткен жылы 742 вагонға көп ұсталынды. Тиелген вагонның орташа динамикалық жүктемесі жоспар бойынша 50,34 тонна болса, іс жүзінде 50,56 тонна немесе 100% орындалды. Бұл өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда 96% орындалған. Себебі, контейнерлік пойыздардың 1 041 пойызға көбеюінен (2017 жылы 2055 пойыз болса, 2018 жылы 3096 пойыз болған) және осы контейнерлік пойыздар санының ұлғаюы ескерілмей, жоспар көбірек берілген.

«Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалының техникалық бөлім басшысы Ілияс Нұржановтың айтуынша, «ҚТЖ-Экспресс» пен ЖТ-нің және ДГП-ның реттеуімен бос вагондар жөнелтіліп, бос вагон жүрісі көбейген. Жүк вагонының орта тәуліктік жүрісі жоспар бойынша 198 км болса, іс жүзінде 186 км-ге немесе 94% орындалды. «УТЙ» АҚ Сарыағаш түйіспесінен пойыздарды уақытылы алып кетпеу салдарынан бөлімшеде 2 219 тастанды пойыз пайда болған.

 Жүк вагонының айналымы жоспар барысындағы 1,86 тәулік болса, іс жүзінде 1,98 тәулікке немесе 94% орындалды. Өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда 94% орындалған. Мұнда да негізгі себеп, «УТЙ» АҚ Сарыағаш түйіспесінен пойыздарды уақытылы алып кетпеу салдарынан, жұмыс паркі орта тәулікте 286 вагонға, ал өткен жылмен салыстырғанда 742 вагонға көп ұсталып, 2 219 пойыз тасталынған.

 Ал жергілікті вагон айналымы жоспар барысындағы 1,17 тәулік орнына іс жүзінде 1,17 тәулікке немесе 100% орындалды. Бұл Дарбаза, Сарыағаш станцияларына Өзбекстан мемлекетінің жүк қабылдаушыларына келген жергілікті вагондардың көбеюінің салдарынан болған.

 Бір жүк операциясында вагонның бос тұруы жоспар бойынша 17,47 сағат болса, іс жүзінде 16,84 сағатты құрап, 103% орындалды, өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда 99% орындалған. Өткен жылмен салыстырғанда жергілікті вагондардың (негізгі ағаш тиелген вагондар) артық келуінен Дарбаза, Сарыағаш, станцияларында түсіру алаңы аз болып, күтіп тұрғандықтан орындалмаған.

 Бір техникалық станцияда транзиттік вагонның бос тұруы жоспар бойынша 7,37 сағат болса, іс жүзінде 8,35 сағатты құрап 88% орындалды. Учаскелiк орташа жылдамдық 99% орындалған, жоспар бойынша 41,46 км/сағ болса, нақтысы 41,06 км/сағ құрады. Ал өткен жылмен салыстырғанда 91% орындалған.

Арыс-Түркістан және Арыс-Түлкібас телімдерінде 62 км жол жөндеу жұмыстары орындалды. Осыған байланысты, техникалық орташа жылдамдық жоспар бойынша 46,34 км/сағ болса, іс жүзінде 46,36 км/сағ немесе 100% орындалды. Локомотивтiң орта тәуліктегі өнімділігі жоспар бойынша 1 млн 151 мың ткм брутто болса, іс жүзінде 1 млн 156 мың ткм брутто немесе 100% орындалды, ал өткен жылмен салыстырғанда 104% орындалған.

Контейнерлік пойыздардың 1 041 пойызға көбеюінен (2017 жылы – 2055 пойыз, 2018 жылы – 3096 пойыз) және осы контейнерлік пойыздар санының ұлғаюы ескерілмей, жоспар жоғары берілген. Осылайша пойыздың орташа салмағы жоспарға 100% орындалды (жоспар 2 894 тонна болса, нақтысы 2 900 тоннаны құрады).

Локомотивтiң орта тәуліктегі жүрiсi жоспар бойынша 544 км болса, іс жүзінде 550 км-ге немесе 101% орындалды, ал өткен жылмен салыстырғанда 103% орындалған. Жүк тиеу жоспар бойынша 11 млн 100 мың тонна (181 770 вагон) болса, іс жүзінде 11 млн 307 мың 300 тонна (186 381 вагон) тиеліп 102% құрады, яғни тиеу бойынша жұмыс көлемі 207 мың тоннаға (4 611 вагонға) немесе 2% артық орындалды.

Өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда жүк тиеу 976 мың 783 тоннаға (16 841 вагон), ал пайыздық мөлшерде 9% артық орындалған. (2017 ж фактісі – 10 млн 330 мың 517 тонна (169 540 вагон).

Тиелген вагонның статикалық жүктемесі жоспар бойынша 60,65 тонна болса, іс жүзінде 60,67 тонна құрап, 100% орындалды. Өткен жылғы есеп беру мерзімімен салыстырғанда 99% орындалған. Себебі, өткен жылмен салыстырғанда газойл өнімін тиеу тоқтатылып, керісінше сығылған газ өнімін тиеу артқан.

Байқағанымыздай, көрсеткіштердің орындалмауының негізгі себептері Сарыағаш станциясынан «УТЙ» АҚ-ның пойыздарды қабылдауының төмендігінен орын алған. Осыған байланысты желтоқсан айынан бастап №19, 24, 25, 26 және 27 қосымша жолдарды уақытша пайдалануға енгізіп, Сарыағаш станциясының өткізу қабілеттілігі күніне орта есеппен 4 пар пойызға көбейтілді, ал Өзбекстан темір жолымен пойыз алмасу 30 жұпқа дейін өсті.

«Қосымша жолдарды пайдалануға берілгенге дейін станцияның өткізу қабілеттілігі күніне орта есеппен 25 жұп пойыз болатын. 2019 жылы жоғарыда айтылған қосымша жолдар толықтай іске қосылса, Сарыағаш станциясының пойыздарды өткізу қабілеттілігін тәулігіне орта есеппен 30 жұп пойыз деңгейінде орындауға мүмкіндік туады. Нәтижесінде өткен жылғы бөлімше бойынша орындалмаған біршама көрсеткіштерді биыл жақсартуға мүмкіндік туады», – дейді Шымкент жүк тасымалы техникалық бөлімінің басшысы Ілияс Нұржанов.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Шымкент  


Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті